Меню

Страницы

Статья

Удаленное получение ЭЦП

ЭЦҚ-ны қашықтан алу

Құрметті оқырман, мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі Egov.kz порталы арқылы көрсетілетінін білерсіз. Ал олардың негізгі бөлігін растау мен алу электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүзеге асады. ✍️ Олай болса, #oqy&toqy айдарындағы бүгінгі тақырыбымызды ЭЦҚ-ны қашықтан қалай алуға болатынына арнамақпыз.

📌Egov.kz порталына кіріңіз;

📌 Басты беттегі ЭЦҚ-ны қашықтан алу батырмасына басыңыз да, қызметке онлайн тапсырыс беріңіз;

📌 Порталға бейнекамераны қосуға рұқсат етіңіз;

📌ЭЦҚ түрін таңдаңыз да ЖСН нөміріңізді теріп, қызметке тапсырыс беріңіз;

📌 Жеке басыңызды растайтын құжат түрін таңдаңыз;

📌Телефоныңыздың нөмірі мен SMS кодты теріңіз;

📌Бейне сәйкестендіру сілтемесіне өтіңіз де, камераға қараңыз;

📌Жеке кабинетіңізге жасырын сөз ойлап тауып, құжаттар батырмасына өтіңіз;

📌Жеке басыңызды растайтын құжатты «файлды жүктеу» немесе «суретке түсіру» арқылы порталға енгізіңіз;

📌Құжат жүтелген соң, жеке кабинетіңіз үшін енгізген жасырын сөзді теріп, оған кіріңіз;

📌 Өтініштің электронды нұсқасына электронды мекен-жайыңызды қосыңыз;

📌Кілтті сақтау орнын таңдап, оның орналасқан жолын көрсетіп өтінішті жіберіңіз;

📌Соңғы беттен өтініштің статусын көре аласыз;

📌 Кілт дайын болған кезде оған құпия сөз ойлап тауып енгізіңіз;

📌Сертификатты жүктеңіз.

Дата публикации
26 июня 2020
Дата обновления
26 июня 2020
Тип
Информация

Сейчас читают

18 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы