Меню

Страницы

Статья

Не пренебрегайте карантином растений

Карантинге жатқызылған өнімді өсірумен, тасымалдаумен, сатумен, өткізумен айналысатын заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» Заңның талаптарын бұлжытпай сақтауға және орындауға міндетті. Айта кетсек, егiстiктi, аумақты, карантинге жатқызылған өнiм сақталатын қоймаларды жүйелi тексерiп отыруды қамтамасыз етуге, карантиндi объектiлер анықталған жағдайда уәкілетті органды дереу хабардар етуге, карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесіне енгізілген, оларға қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды өз қаражаты есебінен жүргізу міндетті түрде тиісті.

Карантинге жатқызылған өнім иелеріне өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманы түсіндіру мақсатында ауданда жыл бойы жұмыс жүргізілуде. Мұндай өнімдерді тасымалдау, сату, өткізу кезінде олардың карантиндік құжаттары, яғни фитосанитарлық немесе карантиндік сертификаты, фитосанитарлық бақылау және қадағалау актісі болуға тиіс.

Осыған орай аудандық аумақтық инспекциясында өсімдік карантині саласы бойынша екі мемлекеттік қызмет көрсетіледі: карантинге жатқызылған өнімді Республика аумағында тасуға карантиндік сертификат беру және Республикадан тыс жерлерге әкетуге фитосанитарлық сертификат беру. Бұл қызметтер тегін көрсетіледі. Мысалы:  Алмалы ауылдық округіне қарасты  шаруа қожалықтарына 2021 жылы  5 дана («Ақбұлақ» ш/қ -2, «Балауса» ш/қ – 3), 2022 жылы 6 дана («Ақбұлақ» ш/қ -4, «Балауса» ш/қ – 1, «Бахтияр»-1), ал биылғы жылы 7 дана ( «Ақбұлақ» ш/қ -2, «Ануар» ш/қ -2, «Балауса» ш/қ – 1, «Бахтияр»-2) карантиндік сертификаттар берілді.

Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының тағы бір талабы - карантинге жатқызылған өнімді межелі пункттерінде екінші қайтара карантиндік  фитосанитарлық бақылау және қадағалаудан өткізу. Карантинге жатқызылған өнімнің иесі  уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесін  өнімнің келгені туралы кез келген қолжетімді әдіспен хабардар етеді, келген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей  карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалауды жүзеге асыру үшін  өнімді көрсетеді.

Карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік құжатсыз өткізілуі мен сатылуы жауапкершілікке әкеледі. Жоғарыда айтылған басқа да заң талаптарының шектеуін бұзу айқындалған жағдайда Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 400-бабына сәйкес, жиырмадан бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін.

Өсімдіктер карантині саласы бойынша толық ақпаратты аудан орталығындағы Мендәлиев көшесі, 23-үй мекенжайы бойынша орналасқан аудандық аумақтық инспекциядан білуге болатынын еске саламыз.

 

 

Жексенғали Асқаров, аудандық аумақтық инспекцияның бас маманы- өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор

Дата публикации
06 ноября 2023
Дата обновления
06 ноября 2023
Тип
Информация

Сейчас читают

22 октября 2026
18 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы