Меню

Страницы

Статья

Ущерб, нанесенный луговым мотыльком, огромен

Шалғын көбелек 2022 жылдан бастап аса қауіпті зиянды организмдеріне жатқызылған қанкөбелек тұқымдасына жататын зиянкес болып табылады. Көбелектің топырақты паналап қыстап шыққан жұлдызқұрттары көп қоректі, көбінесе шырынды, жұмсақ жапырақты өсімдіктерге көп зиян келтіреді.

Былтыр мамыр айының бірінші жартысында аудан аумағында шалғын көбелек көптеп кездесті. «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ Ақжайық аудандық филиал мамандарының жүргізген далалық бақылау жұмыстарының барысында аталған зиянкестің ұшып келгені анықталды. Өйткені бұдан бұрын шалғын көбелектің жаппай ұшуы Ресей Федерациясының Астрахан облысында, соңынан Атырау облысында және Батыс Қазақстан облысының Бөкей Орда, Жәнібек аудандарында тіркелген болатын. Көбелектің жел ағымымен ұзақ қашықтыққа, бір түнде 300 шақырымға дейін қоныс аудару ерекшелігі мен сол кезеңде желді күндердің қатты және ұзақ болғанымен түсіндіріледі.

Көбелек шыққаннан кейін екі апталық мерзімде тұқым салады, тағыда екі аптадан кейін жабайы және ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне залалын келтіретін шалғын көбелегінің құрттары шыға бастайды. Құрттар жаппай көбейген жағдайда залалы шегіртке келтірер зақымнан асып түседі. Осы себепті құрттардың пайда болу уақытын өткізіп алмау маңызды. Қазіргі таңда оларға қарсы күрес әдісінің бірі, егіншілік аумақтарда химиялық улау жұмыстарын уақытылы жүргізу қажет. Соңынан, күзгі-көктемгі уақытта жерді агротехникалық өңдеу қажет етеді.

Қазақстан Республикасының «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңының 11-бабына сәйкес, қолайлы фитосанитариялық ахуалды қамтамасыз ету мақсатында қызметi мемлекеттiк фитосанитариялық бақылау объектiлерiмен байланысты жеке және заңды тұлғалар өз аумақтарында фитосанитариялық мониторингтi жүзеге асыруға және зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен көп зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдер анықталған жағдайда фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзуге мiндеттi.

Жұмсалған химиялық препараттарға (пестицидтерге) шығыны мемлекет тарапынан 50 пайыздық мөлшерде субсидия ретінде қайтарылады. Ол үшін шаруа құрылымдар жергілікті атқарушы органына өтінім беріп, қажетті құжаттарын тапсыруы тиіс.

Аталған зиянкеске қолданылатын пестицидтер Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген болуы қажет. Оны комитеттің бұйрығымен бекітілген рұқсат етілген пестицидтер тізімінен қарауға болады.

Сондай-ақ, пестицидтің улы химиялық препарт екенін, адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянды әсері барын естен шығармауымыз тиіс, пестицидтермен жұмыс істегенде техникалық қауіпсіздік, жеке гигиена талаптарын, пестицидтың шығымдылық нормасын қатаң ұстану қажет.

Пестицидтарды және оларды қолдану бойынша кеңесті облысымыздағы «Alem Agro Holding» ЖШС-нен алуға болады, байланыс телефондары : Жумин Берик – 87770887252, Предыбайло Александр - 87017801021.

 

 

 

ҚР АШМ АӨК МИК Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі бас инспектор Ж.Макашев

Дата публикации
09 марта 2023
Дата обновления
09 марта 2023
Тип
Информация

Сейчас читают

18 октября 2026
13 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы