Меню

Страницы

Статья

Карантин растений требует особой бдительности.

Өсімдіктер карантині - ерекше қырағылықты талап етеді.

 

1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктер карантині туралы» Заңға сәйкес, өсiмдiктер карантинiнiң негiзгi мiндеттерi: еліміз аумағын басқа мемлекеттерден немесе карантиндi аймақтан карантиндi объектiлердiң әкелiнуiнен немесе өз бетiмен енуiнен қорғау; карантиндi объектiлердi анықтау, оқшаулау және жою,  мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу.

Карантинді объектілерге Қазақстан  аумағында жоқ немесе шектеулі таралған, өсімдіктерге және өсімдік өніміне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін өсімдіктер зиянкесі, ауруын қоздырғыш немесе арамшөптер жатады. Карантиндік шаралар қабылдау қажет болатын өсімдіктер, бұлардан өнім ( жеміс-жидектер, көкөністер, бақша өнімдері, картоп, кептірілген жемістер, жаңғақ, саңырауқұлақ,  бұршақ тұқымдас, дәнді дақылдар, ұн, жарма, кебек, жем), ыдыс, орам, жүктер, топырақ, организмдер немесе материалдар жөнінде де аса сақтық керек. Карантинге жатқызылған өнімнің  тасымалдау, сату, өткізу кезінде олардың карантиндік құжаттары болуы тиіс – фитосанитариялық немесе карантиндік сертификат, карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісі.

Сондай-ақ , «Өсімдіктер карантині туралы» Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалар егiстiктi, аумақты, карантинге жатқызылған өнiм сақталатын қоймаларды жүйелi тексерiп отыруды қамтамасыз етуге, карантиндi объектiлер анықталған жағдайда уәкілетті органды дереу хабардар етуге міндетті, сонымен қатар карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің тізбесіне енгізілген, оларға қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантинді объектілер мен бөтен текті түрлердің таралу ошақтарын оқшаулау және жою өз қаражаты есебінен жүргізуі керек.

Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы өсімдіктер карантині саласында  екі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Бұл: «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру», «Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру». Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

            Карантинге жатқызылған өнімнің карантиндік құжатсыз өткізу мен сатылуы жауапкершілікке әкелетінін ескерте отыра, Қазақстан Республикасының өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманы сақтауыңыз сұралады және жоғарыда айтылған  басқа да ҚР « Өсімдіктер карантині туралы» Заң талаптарының шектеулерiн бұзу түрiнде жасалған бұзушылық айқындалған жағдайда, Казақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 400 бабына сәйкес  жиырмадан  бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынуы мүмкін.
        Өсімдіктер карантині саласы бойынша толық ақпаратты Ақжайық ауданы Чапаев ауылы Мендалиев көшесі 23 үйі мекен- жайында орналасқан Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясына келіп білуге болады.


           Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясының бас маман-өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы Асқаров Жексенғали Асқарұлы.

      

Дата публикации
21 февраля 2023
Дата обновления
21 февраля 2023
Тип
Информация

Сейчас читают

22 октября 2026
18 октября 2026
13 октября 2026

Социальные медиа

facebook
Instagram

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы