Кәсіпкерлік

Кәсіпкерлік

Шағын және орта бизнесті дамыту – ел экономикасы дамуының басым бағыты.  Шағын кәсіпкерлік субьектілерінің саны 48-ге жетіп, олардың 19-ы шаруа қожалықтары мен 2-уі АШК болса, 27-і жеке кәсіпкерлерді құрады.

«Ауыл аманаты» жобасы аясында барлығы 5 өтінім беріліп, 40,725 млн. теңге несие қаражаты мақұлданып, барлығы да несиеленді.

Ағымдағы жылы «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 6 тұрғын ниет білдіріп отыр.

 «Медицина адамды, ал ветеринария адамзатты емдейді». Бруцеллез ауруына  4029  бас ірі қара мен  7454 бас қой – ешкі зерттеліп, оң  нәтиже берген  34  бас мүйізді ірі қара түгелдей жойылды.

Бірдейлендіруден өткені 1547  бас  ірі  қара, 2200  бас қой – ешкі және 250 бас жылқы электронды жүйеге енгізілді.

2023 жылы «Әліп» ш/қ Ащы өзеніне 1143 дана балық жіберді. Көлдік сулардан демеушілікпен 3 млн 200 дана шабақтар құтқарылып өзенге жіберілді.

Мал азығы 11600 тоннаға дайындалып, 100%-ға орындалды.