Ақжелкен лагерінде «Адал азамат» бағдарламасы аясында «Ұлы даланың қырандары» атты танымдық-спорттық сайыс ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау және командалық рухты нығайту болды. Сондай-ақ, қатысушыларға «Адал азамат» ұғымының негізгі қағидаттары – заң мен тәртіпті сақтау, өз ісіне адал болу, айналасындағы адамдарға құрметпен қарау және жауапкершілік таныту құндылықтары кеңінен насихатталды.
Сайыс барысында қатысушылар түрлі кезеңдер бойынша бақ сынап, өздерінің білімдерін, ептіліктерін, жылдамдықтары мен тапқырлықтарын көрсетті. Әсіресе ұлттық дәстүрлер мен қазақ халқының тарихына қатысты тапсырмалар балалардың қызығушылығын арттырды.
Сайыс соңында үздік нәтиже көрсеткен топтар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді.
Бейіндік лагерь
🗓️3-күн
🎉 Бүгінгі күніміз көңілді сергіту сәтімен басталды.
🌱 «Білезік жасау» шығармашылық жұмысында оқушылар әртүрлі өсімдіктерді пайдаланып, өз қолдарымен әдемі білезіктер жасады🌿💚
🎵 Музыкалық аспаптар ойынында балалар жылдамдықтарын сынап, аспаптардың атауларын тез тауып, тапқырлықтарын көрсетті. 🥁🎺🎸
🐟 «Балықтың қаңқасы» ойынында түрлі түсті таяқшаларды пайдаланып, логикалық ойлау мен ептіліктерін көрсетті. 🌈✨
🌸🦮🚁 Түрлі түсті конструкторлардан гүл, ит және тікұшақ құрастырды.
💦🌞 Күннің ең көңілді сәті – сумен атысу ойыны болды!
🎶Музыка пәні мұғалімі: Айнагуль Біржановна
🔬Биология пәні мұғалімі: Жулдыз Асылболатовна
Май ауданының білім беру ұйымдарында бос жұмыс орындарына бар екенін хабарлаймыз.
Егер сіз білім беру саласында еңбек етіп, кәсіби дамуға ұмтылсаңыз, аудан мектептеріндегі бос лауазымдармен танысуға шақырамыз.
📌 Бос жұмыс орындары туралы толық ақпарат пен конкурс шарттары мектептердің әлеуметтік желілерінде қолжетімді. Қосымша ақпарат алу үшін білім бөлімінің жауапты мамандары Аубакирова Индира Биржанқызына, тел. 8 705 482 7774, хабарласуға болады.
📚 Білікті мамандарды аудан мектептерінің ұжымына қосылуға шақырамыз!
Жазғы демалыс – балалар үшін тек тынығу мезгілі ғана емес, жаңа білім мен әсерге толы ерекше кезең. Биыл Май ауданы Көктөбе ауылының сыртында орналасқан «Ақжелкен» сауықтыру лагерінде демалып жатқан оқушылар үшін әр күн қызықты оқиғаларға, танымдық саяхаттарға және ұмытылмас сәттерге толы өтуде.
Лагерь бағдарламасы балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастырумен қатар, олардың туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Осы мақсатта демалушылар аудан орталығындағы мәдени нысандарды аралап, тарихи орындарға танымдық экскурсиялар жасауда.
Сондай ерекше сапарлардың бірі – Ақшиман ауылы маңындағы тарихи Қалмаққырылған тауына саяхат болды. Ел тарихымен сабақтас бұл киелі мекен жас ұрпаққа өткеннің өнегесін танытып, туған жердің шежіресіне деген қызығушылығын оятты. Табиғаты көркем, тарихы терең бұл орын балалардың бойында патриоттық сезім мен туған өлкеге деген сүйіспеншілікті нығайта түсті.
Лагерьдегі жарқын күндердің тағы бір бөлігі аудан тұрғындары үшін көптен күткен заманауи бассейнде жалғасты. Балалар суға шомылып, көңілді ойындарға қатысып, жаздың шуақты күндерін ерекше әсермен өткізді. Көтеріңкі көңіл күй сыйлаған бұл демалыс олардың жазғы естеліктерінің ең қызықты сәттерінің біріне айналды.
«Ақжелкен» лагеріндегі әрбір күн балалар үшін жаңа достықтың, жаңа білімнің және жаңа мүмкіндіктердің бастауы. Тарихпен танысып, табиғат аясында тынығып, пайдалы демалыс өткізген оқушылар жазғы каникулдың әр сәтін жарқын естеліктерге айналдыруда.
Бүгін мектеп жанындағы Zhaltyr Camp лагерінде ерекше әрі қызықты «Блогер күні» өткізілді. Оқушылар заманауи медиа әлемімен танысып, өздерін блогер ретінде сынап көрді.
Іс-шара барысында балалар қызықты видеолар түсіріп, сұхбат алып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Әр қатысушы өз ойын еркін жеткізіп, камера алдында өзін ұстау мәдениетін меңгеруге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, сапалы контент жасаудың қыр-сырымен танысып, әлеуметтік желілерді дұрыс әрі қауіпсіз пайдаланудың маңыздылығы туралы ақпарат алды.
Бүгін мектеп жанындағы Zhaltyr Camp лагерінде «Кино күні» ұйымдастырылды. Оқушылар үшін қазақ әдебиетінің көрнекті туындыларының бірі негізінде түсірілген «Көксерек» мультфильмі көрсетілді.
Мультфильмді тамашалау барысында балалар қасқырдың табиғаты, адам мен табиғат арасындағы байланыс, жануарларға қамқорлық жасау туралы маңызды ой түйді. Көрсетілімнен кейін оқушылар өз әсерлерімен бөлісіп, кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талқылады.
«Zhaltyr camp» сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес мектеп кітапханашысы Ш.Алдангорова «Кино әлеміне саяхат» шарасын ұйымдастырды. Балалар қызықты әрі тәрбиелік мәні бар мультфильм тамашалады. Мультфильм кейіпкерлерінің оқиғалары балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, достық, мейірімділік пен адамгершілік туралы ой салды. Кино көрсетілімнен кейін балалар өз әсерлерімен бөлісіп,сүйікті кейіпкерлері туралы айтып берді.
“Zhaltyr camp” сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес мектеп кітапханашысы Ш.Алдангорова оқушыларды білімге деген
қызығушылығын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту және тапқырлыққа баулу мақсатында «Білгірлер додасы» интеллектуалды сайысын өткізді.
Сайысқа оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін ортаға салды. Қатысушылар әртүрлі қойылған сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындады. Сонымен қатар, жұмбақ шешу, мақал-мәтелдерді жалғастыру және жылдам ойлау тапсырмаларында өздерінің алғырлықтарын көрсетті.
Іс-шара барысында оқушылар ұйымшылдық танытып, бір-біріне қолдау көрсетті. Әр кезең тартысты өтіп, сайыскерлер жоғары белсенділікпен қатысты.