Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есепті талқылау өткізу туралы
2023 жылдың 12 айы бойынша
«Білім беру бөлімі» ММ
Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есепті талқылау өткізу туралы
Көктөбе ауылы 2023 жылғы 26 наурыз
сағат: 15.00
Жиналыстың төрағасы: Р.Е. Еңсебаев
Күн тәртібі
2023 жылдың 12 айындағы «Білім беру бөлімі» ММ Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есепті талқылау.
«Білім беру бөлімі» ММ басшысының м.а Р.Е.Еңсебаев есепті ашып, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабының 6-тармағына сәйкес аудандардың жергілікті атқарушы органдары, ауылдық округтердің әкімдері көрсетілетін қызметті берушілердің, мүдделі жеке тұлға және заңды тұлғалардың қатысуымен Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есептерге жылына кемінде бір рет жария талқылау жүргізетінін түсіндірді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелерін реттейтін жергілікті атқарушы органдар қабылдаған және жоспарлаған іс-шаралар туралы халықты хабардар етуге бағытталған. Мемлекеттік қызметтердің сапасы, қызмет есептілігі мен ашықтығы, қолжетімділігі, мемлекеттік қызметтер көрсету процесін тұрақты жетілдіру, оларды көрсетудің үнемділігі мен тиімділігі қағидаттарын іске асыруды қамтамасыз етуге де арналған.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша барлық қатысушыларға Мемлекеттік қызмет көрсету жұмысы бойынша таныстырды.
2023 жылы 2601 мемлекеттік қызметі халыққа көрсетілді, атап айтқанда:
- «Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі балаларды (6 жасқа дейін) кезекке қою» - 193;
- "Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» - 192;
- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» - 185;
- «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау» - 11;
- «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» - 104;
- «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» - 1653;
- «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» - 112;
- «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету»
- «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» - 51;
- «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» -
- «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» - 0;
- «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау» - 73;
- «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
- «Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру»
- «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу»
- «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау»
- «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға ақшалай қаражатты тағайындау және төлеу мөлшері»
- «Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау»
- «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау»
- «Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру»
- «Он жасқа толған баланың пiкiрi ескеру туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органының шешімін беру» - жалпы қорғаншылық пен қамқоршылыққа байланысты – 27 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Қызмет алушылар тарапынан шағымдар жоқ. Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу жоқ.
Талқылау кезінде қатысушыларға есепті талқылауды және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға, көрсетуге қатысты бар мәселелер мен ұсыныстарын айтуды ұсынды.
Қызмет алушылар мен мүдделі тұлғалардан сұрақтар мен ұсыныстар түскен жоқ.
Талқылау қорытындысы бойынша және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында:
- Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспарын бекеіту;
- Мемлекеттікқызметтер көрсету сапасын арттыру, бұзушылықтарды алдын алу мақсатында бақылауды жүзеге асыру, талдау және мониторингтеу.
- Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша, сондай-ақ "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ және электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу туралы көрсетілетін қызметті алушылармен түсіндіру іс-шараларын тұрақты негізде E- gov.kz арқылы жүргізу.
4.Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мамандардың біліктілігін уақтылы арттыру.
(лауазымы) ФИО
Хатшы Алдажарова Алтын Халиолловна