GOV.KZ – Единая платформа цифровых ресурсов государственных органов (ЕПЦР ГО)

Меню
Страницы
Онлайн-приемная
Пресс-центр
Деятельность
Документы
Об отделе
Контакты
Все материалы
Кадрлық тағайындау
13 октября 2026
Жаңа тағайындау
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 18 тамыздағы №222 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 19 тамыздағы №338 бірлескен бұйрығына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының конкурстық комиссиясының 2026 жылғы 25 қыркүйектегі №10 хаттамасының шешімі және 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №1-19/5830 келісім хаты негізінде «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданы білім беру бөлімінің Т. Жароков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Кубаев Мереке Утегенович тағайындалды.
Кубаев Мереке Утегенович 1972 жылы 26 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданының Ақоба елді мекенінде дүниеге келген. 1980 жылғы 1 қыркүйекте Т.Жароков атындағы қазақ орта мектебінің 1-сыныбына қабылданып, 1990 жылы орта білімді аяқтады. 1990 жылы А.С. Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетіне оқуға түсіп, 1996 жылы география пәнінің мұғалімі мамандығын алды.
Еңбек жолын Х.Халиуллин атындағы орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. 1991 жылы Ғ. Абдуллин атындағы орта мектебіне ауысып, 1993 жылдың желтоқсан айынан бастап Т.Жароков атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде география пәнінің мұғалімі қызметін атқарып келді. 2024-2026 оқу жылдары Т.Жароков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі директорының уақытша міндетін атқарушы болса, 2026 жылдың маусым-тамызайлары аралығында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары міндетін атқарды. 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін мектеп директорының уақытша міндетні атқарушы болып қызмет атқарды. Еңбек өтілі 36 жыл, педагог-зерттеуші біліктілік санаты бар педагог.
Отбасылы, 3 қыз, 2 ұл тәрбиелеп отырған әке.
Жаңа қызметіңізге сәттілік тілейміз!
10 июня 2026
Жаңа тағайындау

 

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің  2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының конкурстық комиссиясының 2026 жылғы 1 маусымдағы №3 хаттамасы және 2026 жылғы 2 маусымдағы №1-19/3378 келісім хаты негізінде «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданы білім беру бөлімінің Т.Жароков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Есенгалиева Менсулу Телагисовна 2026 жылғы 8 маусымнан бастап тағайындалды.

Есенгалиева Менсулу Телагисовна 1967 жылы 25 наурызда Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1984-1989 жылдары А.С.Пушкин атындағы «Құрмет белгісі» орденді Орал педагогикалық институтының «Физика және математика» мамандығы бойынша бітіріп, физика және математика пәндерінің мұғалімі біліктілігін алып шықты.  Еңбек жолын 1989 жылы 16 тамызда «Өнеге» бастауыш мектебінде мұғалім болып бастап, осы жылдың 20 қыркүйегінде Энгельс атындағы орта мектебіне математика пәні мұғалімі болып ауыстырылды.  1991-1998 жылдары Ұзынкөл ауылындағы В.И.Ленин атындағы орта мектебінде математика пәні мұғалімі және оқу ісінің меңгерушісі, 1998-2001 жылдары  Жәнібек ауылындағы Т.Жароков атындағы орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі және оқу ісінің меңгерушісі, 2001-2002 жылдары аудандық білім бөлімінде әдістемелік кабинетінің әдіскері, 2002 жылдың 2 қыркүйегінен бастап Т.Жароков атындағы ЖОББМ-де  мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары және математика пәнінің мұғалімі болып бүгінгі күнге дейін  атқарды.

Еңбек өтілі жалпы 40 жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі 36 жыл. «Педагог-зерттеуші» және «бірінші санатты басшы орынбасары» біліктілік санаттары бар.

Тұрмыста. Отбасында 1 қыз, 1 ұл тәрбиелеген аяулы ана, асыл әже.

 

 

 

Кадрлық тағайындау
15 декабря 2025
Жаңа тағайындау

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің  2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының конкурстық комиссиясының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы №4 хаттамасы және 2025 жылғы 10 желтоқсандағы №1-19/7198 келісім хаты негізінде «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданы білім беру бөлімінің «Ғ.Сарбаев атындағы «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Хаирлиев Нурлыбек Нурболатович 2025 жылғы 12 желтоқсаннан бастап тағайындалды. 

Хаирлиев Нурлыбек Нурболатович 1989 жылы 7 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2011 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінің «Информатика» мамандығы бойынша бітіріп, алғашқы еңбек жолын 2011 жылы Жәнібек ауылындағы №1 орта жалпы білім беретін мектебінде информатика пәні мұғалімі болып бастады. 2013-2024 жылдары Жәнібек ауылындағы Жәнібек колледжінде өндірістік оқыту шебері және информатика пәнінің оқытушысы, 02.09.2024-05.09.2025 жылдары Жәнібек ауылындағы А.Оразбаева атындағы НОМ-де мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2025 жылдың қыркүйек-қазан айларында сол мектепте мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы, 2025 жылдың 28 қазаннан бастап  «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданы білім беру бөлімінің Ғ.Сарбаев атындағы МББК» КММ-нің директорының уақытша міндетін атқарушы болып бүгінгі күнге дейін  атқарды.

Еңбек өтілі 14 жыл. «Педагог-зерттеуші» біліктілік санаты мен «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша техника ғылымдарының ғылыми педагогтік магистрі дәрежесі бар.  Үйленген. Отбасында 3 ұл тәрбиелеп отырған әке.

 

 

Кадрлық тағайындау
25 ноября 2025
Жаңа тағайындау
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданы білім беру бөлімінің «А.Оразбаева атындағы НОМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына конкурс өткенге дейін мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы болып Еркегулов Мерлан Талгатович 2025 жылғы 24 қарашадан бастап тағайындалды.
Еркегулов Мерлан Талгатович 1991 жылы 15 ақпанда Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2012 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Тарих» пәнінің мұғалімі біліктілігін алып шықты. Еңбек жолында 2012-2014 жылдары Ақоба ауылындағы Х.Халиуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде тарих пәнінің мұғалімі, 2014-2017 жылдары БҚО, Жәнібек ауданы Ақоба ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2017-2019 жылдары БҚО Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас маманы, 2019-2021 жылдары БҚО Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің бас инспекторы, 2021-2024 жылдары БҚО Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары, мемлекеттік қызметтер мониторингі және персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің бас инспекторы, 2024-2025 жылдары БҚО Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмыстары, мемлекеттік қызметтер мониторингі және персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің басшысы болып бүгінгі күнге дейін қызмет атқарды.
Еңбек өтілі 13 жыл. Үйленген. Отбасында 1 қыз, 3 ұл тәрбиелеп отырған әке.
Кадрлық тағайындау
21 октября 2025
Жаңа тағайындау

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің  2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының конкурстық комиссиясының 2025 жылғы 15 қазандағы №2 хаттамасы және 2025 жылғы 16 қазандағы №1-19/5897 келісім хаты негізінде «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданы білім беру бөлімінің «Жәнібек» бөбекжайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры лауазымына Фазылова Гулзада Маратовна 2025 жылғы 20 қазаннан бастап тағайындалды. 

Фазылова Гулзада Маратовна 1982 жылы 4 қаңтарда Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1912-1914 жылдары Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық  университетінің «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығы бойынша Бакалавр академиялық дәрежесін алып шықты.  Еңбек жолында 2001-2005 жылдары Борсы ауылындағы Ғ.Қараш аьындағы ЖОББМ-де бастауыш сынып мұғалімі, 192005-2006 жылдары Мектептен тыс жұмыстар орталығында үйірме жетекшісі, 2006-2007 жылдары аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығында үйірме жетекшісі, 2007-2018 жылдары «Жәнібек» балабақшасында тәрбиеші, 2018-2023 жылдары осы балабақшада әдіскер, 2023 жылдың 10 ақпанынан бастап «Жәнібек» бөбекжайында бөбекжай директорының уақытша міндетін атқарушы болып бүгінгі күнге дейін  атқарды.

Еңбек өтілі 24 жыл. «Педагог-сарапшы» біліктілік санаты бар.

Отбасылы. Отбасында 2 ұл тәрбиелеп отырған ана.

Кадрлық тағайындау
21 октября 2025
Жаңа тағайындау

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің  2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының конкурстық комиссиясының 2025 жылғы 15 қазандағы №2 хаттамасы және 2025 жылғы 16 қазандағы №1-19/5897 келісім хаты негізінде «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданы білім беру бөлімінің «№1 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Кубаева Гульнара Кабдрешевна 2025 жылғы 20 қазаннан бастап тағайындалды. 

Кубаева Гульнара Кабдрешевна 1967 жылы 20 мамырда Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1986-1992 жылдары Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университетінің «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітіріп, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі біліктілігін алып шықты.  Еңбек жолында 1984-1985 жылдары Жәнібек ауылындағы №3 балабақшада уақытша тәрбиеші, 1989-2003 жылдары  Жәнібек ауылындағы №1 ЖОББМ-де орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, 2003-2009 жылдары осы мектепте мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2009-2025 жылдары осы мектепте мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2025 жылдың 23 қыркүйегінен бастап «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданы білім беру бөлімінің «№1 мектеп-лицейі» КММ-нің директорының уақытша міндетін атқарушы болып бүгінгі күнге дейін  атқарды.

Еңбек өтілі 41 жыл. «Педагог-зерттеуші» және екінші санатты басшы біліктілік санаттары бар.

Кадрлық тағайындау
05 сентября 2025
Жаңа тағайындау
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының конкурстық комиссиясының 2025 жылғы 3 қыркүйектегі №9 хаттамасы және 2025 жылғы 4 қыркүйектегі №1-19/4993 келісім хаты негізінде «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданы білім беру бөлімінің «Е.Ниетқалиев атындағы ЖОББМ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Мамбеталиев Сапар Абдоллинович 2025 жылғы 4 қыркүйектен бастап тағайындалды.
Мамбеталиев Сапар Абдоллинович 1977 жылы 17 қазанда Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Қамысты ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1998 жылы А.С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітіріп, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі біліктілігін алып шықты. Еңбек жолында 1998-1999 жылдары Қамысты ауылындағы Е.Ниетқалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, 1999-2002 жылдары осы мектепте мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2002-2003 оқу жылында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, 2003-2005 жылдары Ұзынкөл ауылындағы Ұзынкөл ЖББОМ-нің директоры, 2005-2006 жылдары Жәнібек ауылындағы жалпы білім беретін Т.Жароков атындағы орта мектебінде әлеуметтік педагог және қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, 2006-2007 жылдары Жәнібек ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау және кадрлар бөлімінің меңгерушісі, 2007-2008 жылдары Жәнібек аудандық мәслихат хатшысы, 2008-2010 жылдары Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің меңгерушісі, 2010 жылдың шілде-желтоқсан айлары аралығында Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, 2010-2012 жылдары Жәнібек ауылындағы Жалпы білім беретін Т.Жароков атындағы орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, 2012-2017 жылдары Жәнібек ауылында №1 орта жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі, 2017-2021 жылдары №1 мектеп-лицейінің директоры, 2021-2024 жылдары осы мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, 2024 жылдың 18 қаңтарынан бастап «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданы білім беру бөлімінің «№1 мектеп-лицейі» КММ-нің директоры болып бүгінгі күнге дейін атқарды.
Еңбек өтілі 25 жыл. «Педагог-зерттеуші» және екінші санатты басшы біліктілік санаттары бар.
Үйленген. Отбасында 2 қыз, 1 ұл тәрбиелеп отырған әке.
02 июля 2025
"Үздік педагог" республикалық конкурсының аудандық кезеңін өткізу

Жәнібек ауданының білім беру бөлімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығымен бекітілген «Үздік педагог» атағын беру қағидаларына және Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылы «Үздік педагог» республикалық конкурсын өткізу бойынша әдістемелік нұсқау хатына сәйкес білім бөлімінің ағымдағы жылдың 1 шілдедегі «Үздік педагог» республикалық конкурсының аудандық кезеңін өткізу туралы» №148 бұйрығы негізінде аталған конкурстың аудандық кезеңі 2025 жылдың 21 шілде күні өтетінін хабарлайды.

Отдел образования Жанибекского района в соответствии с Правилами присвоения звания «Лучший педагог», утвержденными приказом Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 января 2015 года №12, и Методическими рекомендациями Министерства образования и просвещения по проведению республиканского конкурса «Лучший педагог» 2025 года, объявляет о проведении районного этапа указанного конкурса 21 июля 2025 года на основании приказа отдела образования от 1 июля текущего года № 148 «О проведении районного этапа республиканского конкурса «Лучший педагог».

17 апреля 2025
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

 

Бос лауазым атауы:

  1. Әдістемелік кабинетінің биология, химия, география пәндерінің әдіскері – 1 бірлік;
  2. Әдістемелік кабинетінің қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің әдіскері – 1 бірлік;

 

Құжаттарды қабылдаудың басталу күні:   17.04.2025 ж.              

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 26.04.2025ж.

Еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары: 228000 теңге

Әдістемелік кабинетінің әдіскері лауазымының үлгілік біліктілік сипаттамалары

  1. Аудан педагогтерімен әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, курсаралық кезеңде әдістемелік жұмыстың тиімділігін зерделейді;
  2. Мамандықтар бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды болжайды және жоспарлайды;
  3. Педагогтердің оқу-әдістемелік құжаттарын (дидактикалық материалдарды), семинарларын, конференцияларын, конкурстарын, олимпиадаларын әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады;
  4. Педагогтер мен білім беру ұйымдарының инновациялық және тәжірибелік-эксперименттік қызметінің нәтижелерін талдайды және қорытындылайды;
  5. Білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын ұйымдастыруда консультациялық және практикалық көмек көрсетеді;
  6. Педагогтарға көмек ретінде библиографиялық анықтамалықтар, әзірлемелер, тестілік және өзге де материалдар жасайды, оларды әдістемелік кабинеттердің, аудан педагогтерінің назарына жеткізеді;
  7. Оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық тәжірибесі туралы ақпаратты жинақтайды және таратады;
  8. Педагогтердің, білім беру ұйымдары басшыларының неғұрлым нәтижелі тәжірибесіне мониторинг жүргізеді және таратады;
  9. Педагогикалық қызметкерлердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;
  10. Білім алушылардың конкурстарын, көрмелерін, олимпиадаларын, слеттерін, жарыстарын өткізу бойынша құжаттаманы ұйымдастырады және әзірлейді;
  11. Оқушылардың пәндер бойынша білім сапасына талдау жасайды;
  12. Білім беру ұйымдарының оқытудың аудиовизуалдық интерактивтік құралдарына қажеттілігін және педагогикалық деректер банкінің жәй-күйін талдайды, қажетті есеп беруді дайындайды және ұсынуды қамтамасыз етеді;
  13. Пәндік олимпиаданы ұйымдастыру, дарынды баллармен жұмыс, ғылыми жобалар бойынша жұмыстану;
  14. Жалпы білім беретін мектептердің жаратылыстану және гуманитарлық бағытындағы сыныптардың, жаратылыстану және гуманитарлық бағытындағы пәндердің білім сапасын арттыру шараларының жүзеге асуын қамтамасыз етеді;
  15. Білім беру ұйымдарындағы экологиялық бағытындағы жұмыстарға жетекшілік етеді;
  16. Білім беру ұйымдарындағы химия, биология пәндерінің зертханалық жұмыстарын бақылауда ұстайды;
  17. Оқу-әдістемелік кабинеттегі қосымша жұмыстарды орындайды;
  18. Келген тапсырмалар мен хаттарды, есептерді уақытылы орындайды.
  19. PISA, TIMSS халықаралық зерттеулерге дайындық шараларын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
  20. ББЖМ (МОДО) дайындық шараларын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
  21. Есептерді дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.

 

Біліктілікке қойылатын талаптар:

            аудандар/қалалар деңгейінде:

тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог":

    қызметтің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

     әдістемелік кабинеттің кадрлық құрамы мен әлеуетін талдау;

     бағдарламалық-әдістемелік өнімді қалыптастыру;

      2) "педагог-модератор":

     "педагог" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

      әдістемелік және ақпараттық материалдарды әзірлеуге қатысу;

    диагностика жүргізу;

      педагогтерді даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жоспарлау;

      ғылыми зерттеулер мен озық педагогикалық тәжірибені енгізу;

     ұйымдардың эксперименттік және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдау және қорытындылау;

     аудан/қала ішінде конкурстар, көрмелер, олимпиадалар, слеттер, жарыстар ұйымдастыру және өткізуге қатысу;

       3) "педагог-сарапшы":

      "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

      білім беру, бос уақыт бағдарламаларын, әдістемелік әзірлемелердің, ұсынымдардың, оқу құралдарының әртүрлі түрлерін әзірлеуге қатысу;

     әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-талдау материалдарын жинауды, жинақтауды және жүйелеуді жүзеге асыру;

      педагогтерге қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұнын анықтауға көмек көрсету;

     4) "педагог-зерттеуші":

      "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

      облыс, республика деңгейінде мастер-кластар, педагогикалық шеберханалар, семинарлар ұйымдастыру;

    білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;

      бағдарламалар мен оқу-әдістемелік кешендерді апробациялауға қатысу;

      5) "педагог-шебер":

      "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

       облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде іс-шаралар ұйымдастыру,

       нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, оларды сараптауға, қолданыстағы білім беру стандарттарын, оқу-бағдарламалық құжаттаманы түзетуге және жаңаларын әзірлеуге қатысу;

     білім беру саласындағы жетекші мамандардың озық тәжірибесін тарату.

 

Қажетті құжаттар тізімі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

        6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

       7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

       9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

        10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

       11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

      12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

 

Құжаттарды тапсыру үшін мекен-жайы:

БҚО, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Ғ.Қараш көшесі, 18

Әңгімелесуді өткізу орны: Жәнібек ауданының білім беру бөлімі» ММ

Анықтама үшін байланыс: 8(71135) 21-3-64, 21-4-74

 

 

 

 

 

 

06 марта 2025
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Жәнібек ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

 

Бос лауазым атауы:

  1. Әдістемелік кабинетінің биология, химия, география пәндерінің әдіскері – 1 бірлік;

 

Құжаттарды қабылдаудың басталу күні:   07.02.2025 ж.              

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні: 18.02.2025ж.

Еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары: 228000 теңге

Әдістемелік кабинетінің биология, химия, география пәнінің әдіскері лауазымының үлгілік біліктілік сипаттамалары

  1. Аудан педагогтерімен әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, курсаралық кезеңде әдістемелік жұмыстың тиімділігін зерделейді;
  2. Мамандықтар бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды болжайды және жоспарлайды;
  3. Педагогтердің оқу-әдістемелік құжаттарын (дидактикалық материалдарды), семинарларын, конференцияларын, конкурстарын, олимпиадаларын әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады;
  4. Педагогтер мен білім беру ұйымдарының инновациялық және тәжірибелік-эксперименттік қызметінің нәтижелерін талдайды және қорытындылайды;
  5. Білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын ұйымдастыруда консультациялық және практикалық көмек көрсетеді;
  6. Педагогтарға көмек ретінде библиографиялық анықтамалықтар, әзірлемелер, тестілік және өзге де материалдар жасайды, оларды әдістемелік кабинеттердің, аудан педагогтерінің назарына жеткізеді;
  7. Оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық тәжірибесі туралы ақпаратты жинақтайды және таратады;
  8. Педагогтердің, білім беру ұйымдары басшыларының неғұрлым нәтижелі тәжірибесіне мониторинг жүргізеді және таратады;
  9. Педагогикалық қызметкерлердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;
  10. Білім алушылардың конкурстарын, көрмелерін, олимпиадаларын, слеттерін, жарыстарын өткізу бойынша құжаттаманы ұйымдастырады және әзірлейді;
  11. Оқушылардың пәндер бойынша білім сапасына талдау жасайды;
  12. Білім беру ұйымдарының оқытудың аудиовизуалдық интерактивтік құралдарына қажеттілігін және педагогикалық деректер банкінің жәй-күйін талдайды, қажетті есеп беруді дайындайды және ұсынуды қамтамасыз етеді;
  13. Биология, химия, география пәндерінің берілуі, пәндік олимпиаданы ұйымдастыру, дарынды баллармен жұмыс, ғылыми жобалар бойынша жұмыстану;
  14. Жалпы білім беретін мектептердің жаратылыстану бағытындағы сыныптаардың, жаратылыстану бағытындағы пәндердің білім сапасын арттыру шараларының жүзеге асуын қамтамасыз етеді;
  15. Білім беру ұйымдарындағы экологиялық бағытындағы жұмыстарға жетекшілік етеді;
  16. Білім беру ұйымдарындағы химия, биология пәндерінің зертханалық жұмыстарын бақылауда ұстайды;
  17.  
  18. Оқу-әдістемелік кабинеттегі қосымша жұмыстарды орындайды;
  19. Келген тапсырмалар мен хаттарды, есептерді уақытылы орындайды.
  20. PISA, TIMSS халықаралық зерттеулерге дайындық шараларын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
  21. ББЖМ (МОДО) дайындық шараларын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
  22. Есептерді дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.

 

Біліктілікке қойылатын талаптар:

      облыс, республикалық маңызы бар қалалар деңгейінде:

    тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл;

      аудандар/қалалар деңгейінде:

тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

      1) "педагог":

     қосымша білім беру ұйымдары қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      балаларға қосымша білім беру ұйымдарының әдістемелік корпусының кадрлық құрамы мен әлеуетін талдау;

     бағдарламалық-әдістемелік өнімді қалыптастыру;

      2) "педагог-модератор":

     "педагог" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

      әдістемелік және ақпараттық материалдарды әзірлеуге қатысу;

    диагностика жүргізу;

      педагогтерді даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жоспарлау;

      ғылыми зерттеулер мен озық педагогикалық тәжірибені енгізу;

     ұйымдардың эксперименттік және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдау және қорытындылау;

     аудан/қала ішінде конкурстар, көрмелер, олимпиадалар, слеттер, жарыстар ұйымдастыру және өткізуге қатысу;

       3) "педагог-сарапшы":

      "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

      білім беру, бос уақыт бағдарламаларын, әдістемелік әзірлемелердің, ұсынымдардың, оқу құралдарының әртүрлі түрлерін әзірлеуге қатысу;

     әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-талдау материалдарын жинауды, жинақтауды және жүйелеуді жүзеге асыру;

      педагогтерге қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұнын анықтауға көмек көрсету;

     4) "педагог-зерттеуші":

      "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

      қосымша білім беру саласындағы озық отандық және әлемдік тәжірибені тарату;

       облыс, республика деңгейінде мастер-кластар, педагогикалық шеберханалар, семинарлар ұйымдастыру;

     қосымша білім беру саласында білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;

      бағдарламалар мен оқу-әдістемелік кешендерді апробациялауға қатысу;

      5) "педагог-шебер":

      "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

      қосымша білім беруді дамытудың басым бағыттарын іске асыру бойынша бағдарламалық-әдістемелік өнім әзірлеу;

      облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде іс-шаралар ұйымдастыру,

       қосымша білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, оларды сараптауға, қолданыстағы білім беру стандарттарын, оқу-бағдарламалық құжаттаманы түзетуге және жаңаларын әзірлеуге қатысу;

      қосымша білім беру саласындағы жетекші мамандардың озық тәжірибесін тарату.

 

Қажетті құжаттар тізімі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

         2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

         3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

         4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

         5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

         6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

         7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

         8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

         9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

         10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

         11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады;

 

         12) осы Қағидаларға 17, 18-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

         13) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

 

Құжаттарды тапсыру үшін мекен-жайы:

БҚО, Жәнібек ауданы, Жәнібек ауылы, Ғ.Қараш көшесі, 18

Әңгімелесуді өткізу орны: Жәнібек ауданының білім беру бөлімі» ММ

Анықтама үшін байланыс: 8(71135) 21-3-64, 21-4-74

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Социальные сети
Меню подвал
Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы