GOV.KZ – Единая платформа цифровых ресурсов государственных органов (ЕПЦР ГО)

Меню
Страницы
Об отделе
Деятельность
Контакты
Пресс-центр
Онлайн-приемная
Документы
Все материалы
13 октября 2023
"Ұстаз - ұлық емес, ұлы қызмет" атты мерекелік шара өткізілді.
⚜️⚜️⚜️Ауданымызда Ұстаздар мерекесіне орай Жаңақала ауданының білім беру бөлімі мен №3 жалпы орта білім беретін мектебі ұжымының ұйымдастыруымен "Ұстаз - ұлық емес, ұлы қызмет" атты мерекелік шара өткізілді. Шараға аудан әкімі Көшкінбаев Алпамыс Жаңабайұлы, аудан әкімінің орынбасары Еслямғалиева Ақнұрлы Нұрғалиқызы, аудандық прокурор Мухитов Ғалымбек Әлібекұлы, мекеме басшылары , ардагер ұстаздар және білім беру ұйымдарының басшылары ұжымдарымен қатысты.
⚜️⚜️⚜️Аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлы ұстаздарды мерекелі күнімен құттықтап, шығармашылық табыстар тілеп, ардагер ұстаз Өтешова Назым Өтешқызын Қазақстан Республикасы Оқу - ағарту министрлігінің "Еңбек ардагері" медалімен марапаттады. Сонымен қатар білім беру жолындағы табысты еңбегімен танылған ұстаздарға облыстық білім басқармасының Құрмет Грамоталарын табыс етті. ⚜️⚜️⚜️Өз кезегінде сөз алған аудандық прокурор Мухитов Ғалымбек Әлібекұлы ауданымыздың білім ұйымы басшылары мен ұстаздарына заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін Алғыс хат табыс етті. Аудандық білім беру бөлімінің басшысы Ғұмар Руслан Қонысбайұлы және аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Қайрекешов Жастілек Яхияұлы ұстаздарға мерейлі марапаттарын ұсынды.
⚜️⚜️⚜️Мерекелік шара қонақтары "Ұстаздардың ұстазы" композициясын тамашалап, жас мамандар мен бірінші сынып бүлдіршіндерінің өнеріне тәнті болды. Күмбірлеген күй мен әсем ән төгілген кеш №3 жалы орта білім беретін мектеп ұжымының орындауындағы "Ұстазым" әнімен қорытындыланды. Ардақты ұстаздарымызға қандай теңеу теңесек те, артық емес. Ұстаз - ұлы есім. Осынау ұлы есімді абыроймен асқақтата көтеріп жүрген ұстаздар аман болсын! Мереке құтты болсын!
Социальные сети
Меню подвал
Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы