Тасқала ауданының білім беру бөлімінің бас маманы
Тасқала ауданының білім беру бөлімі
Батыс Қазақстан облысы
243700
Жалпы біліктілік талаптары
E-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
- Педагогика және психология
- Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
- Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
- Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
- Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
- Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
- Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
- Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттерін, аудан әкімдігінің жұмыс регламентін, бөлімнің Ережесін, мемелекеттік қызметшінің Ар-намыс Кодексіні сақтауға міндетті. Тікелей мемлекеттік қызмет көрсетеді. Ауданның білім жүйесінің айлық, тоқсандық және жылдық есептік- ақпараттық мәліметтерді жинақтап, жүйелеп тапсырып отыру, атқарушы органдар мен білім басқару органдарының тапсырмаларын, бұйрықтары мен нормативтік актілерін білім ұйымдарына жеткізіп, орындалуын бақылауда ұстау Жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, даму мүмкіндігі шектеулі балалар, қадағалаусыз қалған балалар, девиантты мінез- құлықты балалар, әлеуметтік қатер тобындағы отбасы балалардың жұмыстарын ұйымдастыру. Белгіленген тәртіпте ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалардың мемлекеттік қамтылуын жүзеге асыру. «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға), қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу мемлекеттік қызметін көрсету. Қорғаншылық және қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру, ата-анасының қамқорынсыз қалған және жетім балалардың тұрғын үй құқығын қорғау. «Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсету. «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету. «Балаға кері әсер ететін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуге руқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсету. «Балаларды асырап алуға ниет білдірген тұлғаларды есепке қою» мемлекеттік қызмет көрсету. «Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының шешімін беру» мемлекеттік қызмет көрсету. «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету. «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету. Оқушылардың қадағалаусыз, қараусыз қалуының алдын алу, уақытында анықтау үшін жағдай жасау және отбасылық қолайсыздықтың бастапқы сатысында мәселерін түзеу бойынша жұмыстарына жетекшілік және өмірдің қиын жағдайына тап болған балалардың есебін жүргізу, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мониторингісін жүргізу, қолайсыз отбасылармен жұмыс Статистикалық есеп құрастыру. Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау, алғашқы есепке алу және орналастыру бойынша жиынтық есеп құрастыру (тоқсандық, жартыжылдық, жылдық) Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңды және және тұлғалардың өтініштерімен, арыздарымен, хаттарымен жұмыс. Жазғы лагерь жұмысын бақылау және ұйымдастыру. Бөлім жұмысының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, хаттарына, сұраныстарға заңнамамен белгіленген тәртіпте жауап дайындайды және қарайды. Еңбек тәртібін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының басқа да нормаларын сақтайды. Өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес функцияларды жүзеге асырады. Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етеді, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті қызметтік мақсатта ғана пайдаланады. Білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлық бойынша жұмыстардың жүргізілуін қадағалау. Өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізуге міндетті. Лауазымдық міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттырады. Өзінің құзіреті шегінде 2023 жылғы 28 наурыздағы №249 ҚР Үкіметі қаулысының мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасымен жұмыс жүргізу. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген өзге де міндеттерді жүзеге асыру. Бөлім басшысының тапсырмасын орындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
taskala_roo@mail.kz
- 24.05.2024
- Тасқала ауданы, Тасқала ауылы Жақсығұлов көшесі 5А
-
87113920684