GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Бөлім туралы
Онлайн қабылдау
Activity
Байланыс ақпараты
Все материалы
08 ноября 2023
ЕЛІМІЗДЕ АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН БІРІНШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
ЕЛІМІЗДЕ АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН БІРІНШІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА БАСТАЛДЫ
Елімізде ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдайлар жасау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануы мақсатында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі Бейсембаев Ғани Бектайұлының тікелей тапсырмасы бойынша тұңғыш рет ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада бастау алды.
Олимпиадаға республикамыздың ауылдық мектептерінде соңғы екі оқу жылында оқитын барлық 9-11(12) сынып оқушылары қатыса алады.
Олимпиаданың бірінші (бастапқы) кезеңіне ниет білдерген оқушылар http://www.daryn.kz/ сайтында 15 қарашаға дейін тіркелуі тиіс.
«Ауыл мектептеріне арналған олимпиада Қазақстанның шалғай елді мекендеріндегі дарынды және талантты балалардың қабілеттерін анықтауға және нығайтуға бағытталған. Олимпиадада академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін тапсырмалар әр қатысушыға жеке электронды түрде жіберіледі. Олимпиаданың барлық кезеңдерінде оқушылардың аты-жөні көрінбейді. Әр кезеңнен кейін тапсырмалардың сканерленген нұсқасы, қатысушылардың жұмыстары мен дұрыс жауаптар орталықтың сайтында жарияланады», - дейді «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.
Олимпиада үш кезеңде өткізіледі: бірінші кезең (бастапқы) – қараша айы; екінші (іріктеу) – желтоқсан айы; үшінші (республикалық) – ағымдағы оқу жылының қаңтар айы.
І кезең онлайн-платформада өтеді, оған қатысу үшін тіркеуден өту қажет. І кезең қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған қатысушылардың жалпы санының 35%-ы олимпиаданың ІІ кезеңіне қатысуға жіберілетін болады.
ІІ кезең тапсырмалары дәстүрлі олимпиадалық түрде онлайн-платформада көрсетіліп, шешімдер қағазда жүзеге асырылады.
III (республикалық) кезеңге ІІ кезеңнің жеңімпаздары (нәтижелерге сәйкес, әр пән мен сынып бойынша екіден артық емес) қатысады.
Үшінші кезеңнің барлық қатысушылары республикалық сырттай оқу мектебіне қабылданады.
Үшінші республикалық кезеңдегі жүлдегерлер саны әр пән мен сынып бойынша қатысушылардың жалпы санының 45% құрайды және ҚР ОАМ дипломдарымен және «Дарын» РҒПО грамоталарымен марапатталады.
I дәрежелі диплом иегерлері 2024 жылғы ақпан айында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне дайындау мақсатында өткізілетін оқу-жаттығу жиындарына шақырылады.
Айта кетсек, қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі 20 қараша күні республикамыздың әр ауылдық мектебінде бір мезетте өтпекші.
 
 
 
 
 
08 ноября 2023
«Нәтиже құны – өзіндік жетістік емес, бірлескен ынтымақ жетістігі»

2023 жылдың 2 қараша күні аудандық білім беру бөлімінің жанынан құрылған директорлар клубының жылдық жұмыс жоспарына сәйкес Амангелді МББК-де Шежін, Амангелді, Мереке мектептерінің ұйымдастыруымен «Нәтиже құны – өзіндік жетістік емес, бірлескен ынтымақ жетістігі» атты аудандық семинары ұйымдастырылды. Семинарға білім беру ұйымдарынан жалпы 71 педагог және Амангелді МББК-нің ардагер ұстаздарының қатысуымен өтті.
Семинардың мақсаты - тәжірибемен және идеялармен алмасу; мәселені бірлесіп шешудің амалын табу; барынша жоғары ұжымдық нәтижелерге қол жеткізу болып табылады;
Шежін МББК-і: «Желілік қауымдастық». Мереке МББК-і: «СӘТ»жобасы (білім сапасын арттыруға арналған сабақтағы әдіс -тәсілдер). Амангелді МББК-і «Ұрпақтар сабақтастығы», және «Жобалық бағдарланған оқу»мектептегі әдістемелік жобалар жұмысын ұсынды. Сонымен қатар, мектептің мұражай жұмысы және «Экомектеп» жобасымен таныстырды. «Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы бойынша «Ұлағат»ардагерлер кеңесінің және «Феномен» жас мамандар клубының бірлескен жұмыстары көрсетілді.
Семинар соңында қатысушылар ұсыныс пікірлерін білдірді.

27 октября 2023
«Шағын жинақты мектептің үздік педагогі» байқауы

Тасқала аудандық білім беру бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес  2023 жылдың 23-26 күндері аралығында «Шағын жинақты мектептің үздік педагогі» атты аудандық байқауы ұйымдастырылды.

Байқаудың мақсаты: шағын жинақты мектеп мұғалімдерінің үздік педагогикалық тәжірибесін анықтау, жалпылау және тарату. Байқау II кезеңді құрады.    

🔰I кезең :  «Педагогтің шеберлік сағаты »

🔰 II кезең : «Педагогикалық визитка», «Педагогикалық дебют», «Сұрақ-жауап»

Байқау қорытындысы нәтижесінде жүлделі бас жүлде иейгері атанған  Достық МББК-нің ағылшын тілі пән мұғалімі Бектиярова Жайнагуль Едресовна, I орынға ие болған Ақтау МББК-нің биология пәні мұғалімі Амангалиева Алия Аймухамбетова, II орынға ие болған Мерей ОМ-нің химия пәнінің мұғалімі Аубакирова Салтанат Сырымовна, III орынға ие болған Оян МББК-нің ағылшын тілі пәні мұғалімі Насырова Раягул Ханатовна, III орынға ие болған Амангелді МББК-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гумарова Мендигуль Наримановна.

🌟 Бектиярова Жайнагуль Едресовна аудандық «Шағын жинақты мектептің үздік педагогі» атанып облыстық кезеңге жолдама алды.

🌟Құттықтаймыз!💐

10 октября 2023
бос орындар байқауының хаттамасы

Конкурс қорытындысы бойынша төмендегі үміткер бос лауазымға лайықты деп танылды:

1.«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданының білім беру бөлімі» ММ Инклюзивті білім беру бойынша әдіскері бос лауазымына Валиева Самал Бакытжановна кандидатурасы өтті.

 

2.«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданының білім беру бөлімі» ММ  IT бойынша әдіскері  әдіскері бос лауазымына Сапарғали Алихан Ерғалиұлының кандидатурасы өтті.

 

  1. «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданының білім беру бөлімі» Қазақ тілі мен әдебиет,орыс тілі мен әдебиеті,шетел тілдері мен әдебиет бойынша әдіскері бос лауазымына Утешова Роза Айсиевна кандидатурасы өтті.

 

Конкурс қорытындысы бойынша төмендегі үміткер бос лауазымға лайықты деп танылмады:

  1. ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 259 бұйрығы 161, 162 баптарына сәйкес келмегендіктен Инклюзивті білім беру бойынша әдіскері бос лауазымына Диярова Базаргуль Хаиргалиевна кандидатурасы өтпеді.

 

Конкурс қорытындысы бойынша  бос лауазымға үміткер болмағандықтан конкурс  өтпеді:

 «Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданының білім беру бөлімі» Тәрбие жұмысы жөніндегі әдіскері( 1бірлік) бос лауазымына орналасуға  ашық конкурсына үміткер болмағандықтан конкурс  өтпеді.

 

26 сентября 2023
Педагогтер конкурсы-2023

Хабарландыру

«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі (БҚО, Тасқала ауданы, Тасқала ауылы, Жақсығұлов көшесі, 5А. тел.8(71139)20684, электрондық пошта мекенжайы: taskala_roo@mail.kz индекс:091000) бос лауазымдарға ашық конкурс жариялайды:

  1. Инклюзивті білім беру бойынша әдіскері – 1 (тұрақты);
  2. IT бойынша әдіскері – 1 (тұрақты);
  3. Қазақ, орыс, шетел тілдері мен әдебиет бойынша әдіскері – 1 (тұрақты);
  4. Тәрбие ісі жөніндегі әдіскері – 1 (уақытша);

Лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 220460 (min) теңгеден 251120 (max) теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

- аудан (қала) педагогтерімен әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, курсаралық кезеңде әдістемелік жұмыстың тиімділігін зерделейді;

- жетекшілік ететін мәселелер бойынша, оның ішінде дене шынықтыру-бұқаралық жұмыстар бойынша білім беру ұйымдарын әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

- мамандықтар бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды болжайды және жоспарлайды;

- педагогтердің оқу-әдістемелік құжаттарын (дидактикалық материалдарды), семинарларын, конференцияларын, конкурстарын, олимпиадаларын әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады;

- педагогтер мен білім беру ұйымдарының инновациялық және тәжірибелік-эксперименттік қызметінің нәтижелерін талдайды және қорытындылайды;

- білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын ұйымдастыруда консультациялық және практикалық көмек көрсетеді;

- оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық тәжірибесі туралы ақпаратты жинақтайды және таратады;

- білім алушылардың конкурстарын, көрмелерін, олимпиадаларын, слеттерін, жарыстарын өткізу бойынша құжаттаманы ұйымдастырады және әзірлейді;

- есептерді дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Құжаттар 2023 жылғы 27 қыркүйектен 05 қазан  айының аралығында қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін электрондық немесе қағаз түріндегі келесі құжаттар қажет:

1) осы 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса).

10) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

 

 

 

15-қосымша

 

Нысан

 

 

 

___________________________________________

___________________________________________
конкурс жариялаған мемлекеттік орган

      

________________________________________________________________________________________

кандидаттың Т.А.Ә. (болған жағдайда), ЖСН

________________________________________________________________________________________

(лауазымы, жұмыс орны)

________________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________________

нақты тұратын жері, тіркелген мекенжайы, байланыс тел.

 

Өтініш

 

      Мені бос/уақытша бос лауазымға орналасуға арналған конкурсқа жіберуіңізді сұраймын (керегінің астын сызу керек)

__________________________________________________________________________________

білім беру ұйымдарының атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)

      

Қазіргі уақытта жұмыс істеймін

__________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________

лауазымы, ұйымның атауы, мекенжайы (облыс, аудан, қала / ауыл)

     

Өзім туралы келесіні хабарлаймын:

            Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі

Оқу орнының атауы

Оқу кезеңі

Диплом бойынша мамандығы

 

 

 

 

 

 

 

 

      Біліктілік санатының болуы (берген (растаған) күні): _________________________________ __________________________________________________________________________________
       Педагогикалық жұмыс өтілі:______________________________________________________
       Келесі жұмыс нәтижелерім бар: ___________________________________________________ __________________________________________________________________________________
       Наградалары, атақтары, дәрежесі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, сондай-ақ қосымша мәліметтері (болған жағдайда)
__________________________________________________________________________________

 

________________________________________________________________________________________________

жеке қолы  (аты мен тегі) және күні (күні, айы, жылы)

 

 

 

 

 

 

 

16-қосымша

 

Нысан

 

Бос немесе уақытша бос педагог лауазымына үміткердің бағалау парағы

 ____________________________________________________________________________________________

(Т.Ә.А. (болған жағдайда)

№

Өлшем шарттар

Растайтын құжат

Балл саны

(1-ден 20-ға дейін)

 

1.

Білім деңгейі

Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері

Техникалық және кәсіби = 1 балл

Жоғары күндізгі = 2 балл

Жоғары күндізгі үздік= 3 балл

Магистр = 5 балл

 

2.

Ғылыми/академиялық дәрежесі

Білімі туралы дипломның және дипломға қосымшаның көшірмелері

PHD-доктор = 10 балл

Ғылыми доктор = 10 балл

Ғылыми кандидат = 10 балл

 

3.

Жұмыс өтілі жоқ үміткерлер үшін сертификаттау

Сертификат

"Педагог" Біліктілік санаты - 5 балл

 

4.

Біліктілік санаты

Жеке куәлік, басқа құжат

Екінші санат = 1 балл

Бірінші санат = 2 балл

Жоғары санат = 3 балл

Педагог-модератор = 3 балл

Педагог-сарапшы = 5 балл

Педагог-зерттеуші = 7 балл

Педагог-шебер = 10 балл

 

5.

Әкімшілік және әдістемелік қызметтегі жұмыс тәжірибесі

Еңбек кітапшасы/еңбек қызметін растайтын басқа да құжат

Әдіскер (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 1 балл

Директордың орынбасары (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 3 балл

директор (лауазымдық жұмыс өтілі кемінде 2 жыл) = 5 балл

 

6.

Алғаш рет жұмысқа тұрған педагогтер үшін

Білімі туралы дипломның қосымшасы

Педагогикалық/ кәсіби тәжірибенің нәтижелері "өте жақсы" = 1 балл

"жақсы" = 0,5 балл

 

7.

Бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан ұсыныс хат

Ұсыныс хат (Конкурсты өз бетінше жариялаған білім беру ұйымы соңғы жұмыс/оқу орны бойынша ұйымға/оқу мекемесіне өтініш жасайды)

Оң ұсыныс хатының болуы = 3 балл

Теріс ұсыныс хатының болуы = минус 3 балл

 

8.

Кәсіби жетістіктерінің көрсеткіштері

- дипломдар, білім алушылардың олимпиадалар және конкурстар, ғылыми жобалар бойынша жеңімпаздардың грамоталары;

- дипломдар, мұғалімнің олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздарының грамоталары;

- мемлекеттік награда

1) олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары = 0,5 балл

ғылыми жобалардың = 1 балл

2) олимпиадалар және конкурстар жеңімпаздары - 3 балл "Үздік педагог" конкурсына қатысушы = 1 балл

"Үздік педагог" конкурсының жеңімпазы = 5 балл

"Қазақстан еңбек сіңірген ұстазы" медаль иегері = 10 балл

 

9.

Әдістемелік қызметі

-авторлық шығармалары, басылымдары

ҚР БҒМ тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 5 балл

РОӘК тізбесіне енген оқулықтар мен (немесе) ОӘК авторы немесе бірлескен авторы = 2 балл

БҒССҚЕК, Scopus тізбесіне енгізілген ғылыми-зерттеу қызметі бойынша жарияланымның болуы - 3 балл

 

10.

Қоғамдық-педагогикалық қызметі

Қоғамдық-педагогикалық қызметін растайтын құжат

тәлімгер = 0,5 балл

ӘБ басшылығы = 2 балл

Екі тілде сабақ беру, орыс/қазақ = 2 балл

шетел/орыс немесе шетел/қазақ = 3 балл,

үш тілде сабақ беру (қазақ, орыс, шетел) = 5 балл

 

11.

Курсқа дайындық

-       пәндік      дайындық сертификаттары;

-  цифрлық сауаттылық, КАЗТЕСТ,

IELTS; TOEFL;

DELF сертификаттары; Goethe Zertifikat, "Python тілінде    бағдарламалау н е г і з д е р і " программалары бойынша оқыту, "Microsoft"

Курсера жұмыстарына оқыту

Халықаралық курстар:

TEFL Cambridge

"CELTA

(Certificate in Teaching English to Speakers of Other Languages)"

CELT-P (Certificate in English Language Teaching – Primary)

DELTA (Diploma in Teaching English to Speakers of Other Languages)

CELT-S (Certificate in English Language Teaching – Secondary)

"TKT

Teaching Knowledge Test"

Certificate in EMI Skills (English as a Medium of Instruction)

Teacher of English to Speakers of Other Languages (TESOL)

"TESOL"

Certificate in teaching English for young learners

International House Certificate in Teaching English as a Foreign Language (IHC)

IHCYLT - International House Certificate In Teaching Young Learners and Teenagers

Becoming a Better Teacher: Exploring Professional Development

Assessment for Learning: Formative Assessment in Science and Maths Teaching

Online Teaching for Educators: Development and Delivery

Educational Management

Key Ideas in Mentoring Mathematics Teachers

Курсы на платформе Coursera, Futute learn

Teaching Mathematics with Technology

Special Educational Needs

"Developing expertise in teaching chemistry "

ПШО, НЗМ, "Өрлеу" курстары = 0,5 балл

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығына сәйкес тізбеге енгізілген біліктілікті арттыру ұйымдары іске асыратын білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісілген бағдарламалар бойынша біліктілікті арттыру курстары (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30068 болып тіркелген) = 0,5 балл (әрқайсысы бойынша жеке)

 

12.

Мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының түлегі, "Дипломмен ауылға!", "Серпін" мемлекеттік бағдарламаларының қатысушысы, Жұмыспен қамту орталығы жастар тәжірибесі бойынша жіберілген педагог

Мемлекеттік білім беру гранты иегерінің сертификаты, келісім-шарты

3 балл қосылады

 

Барлығы:

 

 

 

22 сентября 2023
Марапатқа үміткер

Баисова Гулмира Ермековна   БҚО әкімдігі білім басқармасының Тасқала аудандық білім бөлімінің «Қ.Сәтбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»КММ-сінің бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс жасайды. 

 Аудандық білім бөлімінің Құрмет грамотасымен(2005 ж), облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы(2011 ж, 2019 ж) марапатталған.

Жалпы еңбек өтілі: 32 жыл

Аталған білім беру ұйымында: 24 жыл

Гулмира Ермековна жоғары санатты мұғалім, педагог-зерттеуші

Кандидатура 2023 жылғы 30 мамырдағы №5 педагогикалық кеңесте талқыланып,  ұсынылған.

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің Алғыс хатымен марапаттауға ұсынылды. 

22 сентября 2023
Марапатқа үміткер

Суханова Марина Ивановна БҚО әкімдігі білім басқармасының Тасқала аудандық білім бөлімінің «Сәулет» мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметінде жұмыс жасайды.

Аудандық білім бөлімінің грамотасы -2005жыл, аудандық білім бөлімінің құрмет грамотасы - 2006жыл, Облыстық Білім басқармасының Құрмет грамотасы- 2006жыл, Облыстық білім басқармасының «Алғыс хаты» 2019жыл, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен 2016 жылы  наградаларымен марапатталған.

Жалпы жұмыс өтілі: 34 жыл

Суханова Марина Ивановна  жоғары санатты мұғалім, педагог-зерттеуші. 

Кандидатура Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданының білім беру бөлімі, 2023 жылғы 29 мамырдағы № 1 хаттама талқыланды және ұсынылды. Мына наградаға ұсынылады: «Білім және ғылым министрінің Құрмет   грамотасы»

 

22 сентября 2023
Марапатқа үміткер

Шакирова Эльмира Маликовна  БҚО әкімдігі білім басқармасының Тасқала аудандық білім бөлімінің «Сәулет» мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде биология пәні мұғалімі қызметінде жұмыс жасайды.

БҚО  Білім басқармасының «Құрмет грамотасы» 2014ж., ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасы» 2018ж., ҚР Білім және ғылым министрлігі «Алғыс хаты» 2019ж., БҚО Білім басқармасының «Алғыс хаты» 2020ж., БҚО  Білім басқармасының «Алғыс хаты» 2022 жыл наградаларымен марапатталған.

Жалпы жұмыс өтілі: 23 жыл

Шакирова Эльмира Маликовна  жоғары санатты мұғалім, педагог-шебер.

Кандидатура Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданының білім беру бөлімі, 2023 жылғы 29 мамырдағы № 1 хаттама  талқыланды және ұсынылды. Мына наградаға ұсынылады: «Орта білім беру ісінің үздігі» Құрмет дипломы

27 июля 2023
"Мектепке жол" акциясы

Құрметті ата-аналар және баланың заңды өкілдері!
Тасқала аудандық білім беру бөлімі, «Мектепке жол» акциясы аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 Қаулы шеңберінде тегін мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алуға «Жалпыға бірдей міндетті оқу қоры» есебінен мектеп жасындағы әр балаға 40 567 тг көлемінде қаржылай көмек тағайындалатынын хабарлайды.
Аталған қаулыға сәйкес мынадай санаттар бойынша білім алушылар қаржылай көмек ала-алады.
 Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
 Мемлекеттік атаулы көмек алмайтын, жан басына шыққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасыдан шыққан балаларға;
 Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға
 Төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
 Білім беру ұйымының алқалы басқару органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына.
Құжаттар мектеп әкімшілігінде қабылданады!!!

21 июля 2023
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Алғыс хаты" марапатына үміткер

Курмышева Жаннат Ерболатқызы БҚО әкімдігі білім басқармасының Тасқала аудандық білім бөлімінің «Сәулет» мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметінде жұмыс жасайды.

Облыстық Білім Басқармасының «Құрмет Грамотасы», 2020жыл, БҚО Білім Басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті «Алғыс хат», 2019 жыл  наградаларымен марапатталған.

Жалпы жұмыс өтілі: 32 жыл

Курмышева Жаннат Ерболатқызы жоғары санатты мұғалім, педагог-зерттеуші. 

Жаннат Ерболатықызы Қазақстан Республикасының               Оқу - ағарту  министрлігінің  «Алғыс хатымен» марапаттауға ұсынылды

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы