
Тасқала аудандық білім беру бөлімінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 23-26 күндері аралығында «Шағын жинақты мектептің үздік педагогі» атты аудандық байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты: шағын жинақты мектеп мұғалімдерінің үздік педагогикалық тәжірибесін анықтау, жалпылау және тарату. Байқау II кезеңді құрады.
🔰I кезең : «Педагогтің шеберлік сағаты »
🔰 II кезең : «Педагогикалық визитка», «Педагогикалық дебют», «Сұрақ-жауап»
Байқау қорытындысы нәтижесінде жүлделі бас жүлде иейгері атанған Достық МББК-нің ағылшын тілі пән мұғалімі Бектиярова Жайнагуль Едресовна, I орынға ие болған Ақтау МББК-нің биология пәні мұғалімі Амангалиева Алия Аймухамбетова, II орынға ие болған Мерей ОМ-нің химия пәнінің мұғалімі Аубакирова Салтанат Сырымовна, III орынға ие болған Оян МББК-нің ағылшын тілі пәні мұғалімі Насырова Раягул Ханатовна, III орынға ие болған Амангелді МББК-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Гумарова Мендигуль Наримановна.
🌟 Бектиярова Жайнагуль Едресовна аудандық «Шағын жинақты мектептің үздік педагогі» атанып облыстық кезеңге жолдама алды.
🌟Құттықтаймыз!💐