24.02.2023 ж. "23 ЖОББМ" КММ- де директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған "Оқу- тәрбие үрдісінде білім алушылардың бойында тұлғалық құндылықтарды қалыптастыру" тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Мақсаты: білім алушыларды оқыту, тәрбиелеу мен әлеуметтендіру мақсатында рухани-адамгершілік, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіре отырып жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына әлеуметтік - педагогикалық қолдау. Семинарға Абай, Аягөз, Үржар, Жарма аудандарынан, қала және қала маңындағы мектептердің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Семинарды "Облыстық инновациялық-әдістемелік орталықтың" тәрбие бөлімі башысы Абдухамитов Айдар Абдихатұлы ашып, 23 мектептің ТІЖ орынбасары Жолдасханова Динара Мейрбековна білім алушылардың бойында тұлғалық құндылықтарды қалыптастыру жолдарымен таныстырды. Отбасы хрестоматиясы кітаптарының бала бойында адамгершілік құндылықтарды дамытуда маңызы зор екенін мектепте өткен іс-шаралармен дәлелдеп көрсетті. Одан әрі қатысушылар 2 алаңға бөлініп Сейілбек Мырзабайдың "Балалықтан даналыққа" кітабына талдау жүргізді. Бірінші алаңда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жакупжанова Алия Советбековна, директордың ТІЖ орынбасары Калибекова Айзада Сагимбековна жұмыс жасаса, екінші алаңда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жолбарысов Нұрлан Мұстафаұлы , директордың ТІЖ орынбасары Жолдасханова Динара Мейрбековна және аға тәлімгер Мұқанов Азиз Жұмабаевич жұмыс жүргізді. Алаңнан кейін қатысушылар акт залына барып "Отбасы моделі" қойылымын, сынып жетекшілері Байжукенова Г.Г., Каринова А.Е. бөліскен тәжірибелерін тамашалап рефлексия жасады. Директордың ТІЖ орынбасарлары семинардың жоғары дәрежеде өткенін айтып, алғыстарын білдірді.