“Музыка мектебінің үздік педагогі - 2025” қалалық байқауы

“Музыка мектебінің үздік педагогі - 2025” қалалық байқауы

2025 жылғы 12 наурызда Балалар музыка мектебінде өзінің ісіне адал, дарынды ұстаздарды біріктірген “Музыка мектебінің үздік педагогі - 2025” жыл сайынғы қалалық байқауы өтті! Байқаудың мақсаты – педагог мәртебесін көтеру, кәсіби қызметінде жоғары жетістіктерге жеткен, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерді ынталандыру, сондай-ақ озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату. Байқау аясында қатысушылар музыкалық шеберліктің құпияларын ашып, өзіндік оқыту әдістерін ұсынып, ашық сабақтар мен шеберлік сыныптарын өткізді. “Музыка мектебінің үздік педагогі - 2025” байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін зор қуанышпен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға еңбектері, таланты мен музыка өнеріне деген адалдықтары үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!

Оқиға күні

01 шілде 2025

Өткізу орны

ГУ "Отдел образования по городу Риддеру" УО ВКО

Оқиға түрі

Конкурс