Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу – қоғам үшін маңызды мәселе болып табылады. Құқықбұзушылықтың орын алуы көбінесе балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік жағдайына, тәрбие процесіне, сондай-ақ олардың ортаға бейімделуіне байланысты. Кәмелетке толмағандардың құқықбұзушылығының себептері түрлі болуы мүмкін, бірақ оның ең басты факторларының бірі — отбасындағы тәрбие мен мектепте алынатын білім және тәрбиенің сапасы.
Орал қаласының білім беру бөлімі мен оған қарасты мекемелер «Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен саламаттығын қамтамасыз ету жөніндегі 2023 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын» жүйелі түрде орындауда.
Құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша оң нәтижелер:
- мектептептерде девиантты мінез-құлықты жасөспірімдермен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстарға жеткілікті көңіл бөлінеді;
- сыныптар бойынша «тәуекел тобындағы» балаларды анықтау және оқушылармен, сондай-ақ ата-аналармен алдын алу жұмыстарын уақытында өткізу белсендірілді.
Қала мектептерінде 1-11 сынып оқушылары – 61886.
Сабақтан тыс уақытта қосымша біліммен қамтылған оқушылар саны – 57569, оның ішінде қосымша білім беру ұйымдарымен қамтылған оқушылар саны – 17234.
Спорттық секциялармен қатмылғандар саны – 15426;
Өзге бағыттағы үйірмелермен қамтылғандар саны – 25985.
Баланың құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс–қимыл «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында жүргізіледі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылдың 15 наурызында Ұлттық құрылтайдың «Адал адам-Адал еңбек-Адал табыс» атты үшінші отырысында негізгі құндылықтарды атап, бұл құндылықтар «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының негізіне айналды. 2024-2025 оқу жылында білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысы осы бағдарламаның негізгі ережелеріне сәйкес ұйымдастырылуда.
Әр ай тақырыптық бағыттарға бөлінген (қыркүйек, сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы, қазан, наурыз – Тәуелсіздік және отаншылдық айы, қараша – әділдік және жауапкершілік айы, желтоқсан, мамыр – бірлік және ынтымақ айы, қаңтар, шілде, тамыз – заң және тәртіп айы, ақпан, маусым – жасампаздық пен жаңашылдық айы).
Іс-шаралар көрсетілген құндылықтарға негізделген. Әрбір құндылық оқу процесінде жүйелі түрде көрінеді. Әр ай тұлғаны қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды қамтиды. Барлығы 77 шара, 34 сынып сағаты, 43 жалпы мектепішілік шаралар жоспарланған.
Іс-шаралар жоспары толық жасақталған, оның ішінде күнделікті («Ұлттық ойын - ұлт қазынасы» үзіліс кезінде ұлттық ойындар ойнау, «Өнегелі 15 минут» ата-аналардың баласымен күнделікті 15 минут жеке әңгімелесуі, «Үнемді тұтыну» табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру үшін жадынама, нұсқаулықтар, «Күй күмбірі» - қоңыраудың орнына күй пайдалану); апта сайын («Менің Қазақстаным» - оқу аптасының басында сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Гимнін орындайды, «Апта дәйексөздері» оқу және оқудан тыс іс-әрекеттік лейтмотиві ретінде мақал-мәтел, халық даналығы, көрнекті тұлғалардың ұлағатты сөздері, «Қауіпсіздік сабағы» - жол қауіпсіздігі, өмір қауіпсіздігі, қауіпсіз мінез-құлық сақтау туралы сынып сағаты шеңберінде 10 минут ақпарат беру немесе әңгіме өткізу) ай сайын өткізілетін шаралар белгіленген.
Бағдарлама интеграцияланған түрде енгізілуде.
Бірыңғай білім беру бағдарламасының ерекшелігі:
оқу пәндерінің, сынып сағаттарының мазмұны; сабақтан тыс жұмыстар; отбасымен ынтымақтастық; үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл арқылы жүзеге асады.
Оқу пәндері аясында:
тақырыптың тәрбиелік маңыздылығын ескеру және оны сабақ барысында жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
бастауыш сыныптарда пәндік апталарды жоспарлау және өткізу кезінде өтпелі тақырыптардың тәрбиелік әлеуетін ескеру;
орта және жоғары сыныптарда пәндік онкүндіктерді жоспарлау және өткізу кезінде қазақ халқының жалпыадамзаттық, ұлттық құндылықтарының қалыптасуына назар аудару.
Біртұтас тәрбие бағдарламасы құқықбұзушылықтың алдын алуда тиімді құрал ретінде қарастырылады, өйткені ол мектеп, отбасы және қоғамның бірлескен күш-жігерін қажет етеді. Бұл бағдарлама балаларға құқықтық тәрбие мен әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруды мақсат етеді. Бағдарлама аясында жасөспірімдерге өз құқықтарын түсіндіру, жауапкершілік сезімін ояту, сондай-ақ құқықбұзушылықтың салдары туралы жан-жақты білім беру жүзеге асырылады.
Бектілген кешенді жоспарға сәйкес «Жеткіншектің Жеті жарғысы», «Балалар кітапханасы», «Еңбегі ерен жас өрен», «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтары» бағыттарында оқушылар мен олардың ата-апналарын қамтитын тәрбиелік шаралар өтуде.
Барлық қала мектептерінде құқықбұзушылықтың алдын-алу, балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін «Достық», «Адал Ұрпақ», «Жас жол сақшысы», «Жас полицей», «Жас құтқарушы» клубтары, «Аналар», «Әжелер», «Әкелер» мектептері белсенді түрде жұмыс жүргізуде.
Білім беру бөлімі әр түрлі санаттағы балаларды әлеуметтендіру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізеді. Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, психологтар, әлеуметтік педагогтар, сынып жетекшілері учаскелік инспекторлармен, медицина қызметкерлерімен бірлесіп, ата-аналар мен кәмелетке толмағандарды құқықтық ағарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді және бұл жұмыстар интернет желісінде және ресми сайттарға жарияланады.
Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеудің балама орындарын пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет деп шешім қабылдап, яғни, балаларға тұрақты әрі берекелі отбасы жағдайына мейлінше жақындатылған жағдайды тудыру мақсатында білім беру бөлімі оқушылардың бос уақытын қамту, әлеуметтік жауапкершілікке үйрету, ортаға бейімдеу, әлеуметтік маңызды құндылықтарына қол жеткізуіне, ішкі потенциалын ашуға көмектесу үшін түрлі мәдени орындарға апару, бұқаралық шараларға тарту жұмысын жүргізуде. (театрға апару, Оқушылар сарайы, мектептен тыс жұмыс орталығы, «Атамекен» орталығының үйірме, секцияларына апарып шеберлік сыныптарын өткізу, түрлі сала мамандары және жетістікке жеткен тұлғалармен кездесулер).
Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың бос уақытын қамту жұмысын білім беру бөліміне қарасты 6 қосымша білім беру ұйымдары (Д.Нұрпейісова атындағы балалар саз мектебі, Балалар өнер мектебі, С.Ғұмаров атындағы балалар көркем сурет мектеб, Мектептен тыс жұмыс орталығы, Оқушылар сарайы, «Атамекен» балалар жасөспірімдер туризмі және экология орталығы) жүргізеді.
АНЫҚТАМА ҮШІН:
1.Д.Нұрпейісова атындағы балалар саз мектебі
Мектепте 8 бөлім бар: қазақ халық аспаптары, фортепиано, ішекті-үрмелі аспаптар, дәстүрлі ән, орыс халық аспаптары, хор, театр, хореография)
Мектепте 6 бөлім бар: фортепиано, қазақ халық аспаптар, орыс халық аспаптар, хормен ән айту, көркем сурет, хореография.
Мектеп оқушылары сурет, кескіндеме; станокті композиция, қолданбалы композиция, компьютерлік графика және дизайн, мүсін, бейнелеу өнерінің тарихы пәндері бойынша білім алуда
4.Мектептен тыс жұмыс орталығы
МТЖО базасында 436 үйірме жұмыс жасайды.
Оның ішінде тегін – 423, ақылы – 13. (мәдени, танымдық, спорттық бағыттағы)
5.Оқушылар сарайы
Оқушылар сарайында барлығы –100 үйірме бар.
Оның ішінде: ақылы – 29, тегін – 71. (мәдени, танымдық, спорттық, робототехника бағыттағы)
6.«Атамекен» балалар жасөспірімдер туризмі және экология орталығы
Орталықта барлығы – 103 үйірме бар. Өлке тарихы мен батыс өңірінің табиғат ерекшеліктерін, археологиялық қазба байлықтарын, ерекше қорғауға алынған қорықшалар мен резерват жұмыстарын, салауатты қазақстандық ұрпақ қалыптастыруда шаңғы, тау, жаяу туризм бағыттары бойынша жұмыстанады.
Оқу жоспарларына сәйкес жұмысымен қатар қосымша білім беру ұйымдары бұқаралық шаралар, конкурстар өткізеді.
Түрлі санаттағы кәмелетке толмағандардың бос уақытын мазмұнды қамту мақсатында №5, 7, 12, 47 мектептерде «Жас сарбаз» сыныптары, мектептен тыс жұмыс орталығынан 21 мектепте «Жас сарбаз», «Қайсар», «Ақжайық арландары» әскери-патриоттық клубтары және өзге мектептерде осы бағыттағы мектепішілік клубтар жұмыс жасауда.
Мектепішілік бақылауда 153 кәмелетке толмаған тұр.
Оның ішінде:
- 10 күннен себепсіз сабақ жіберіп отырған – 30 (23-і – кешкі мектеп)
- сабақ үлгерімі төмен (екінші оқу жылына қалдырылған) - 6 (4-і кешкі мектеп, 2-і - №6 мектеп)
- қолайсыз отбасынан - 24
- панасыз және қараусыз қалған -8
- қаңғыбастық – 1
- әкімшілік құқықбұзушылық – 22
- жасына сәйкес қылмыстық іс қозғалатын құқықбұзушылық – 6
- мектептің ішкі тәртіп ережесін бұзу – 32
- ішімдік ішу – 2 (кешкі мектеп)
- психотроптық зат қолдану – 1 (№20 мектеп)
- діни ағымдарға бой ұсынған – 21.
78 оқушы жазғы демалыс лагерінде болды.
131 оқушы үйірме, секциялармен қамтылған.
Полиция басқармасында кәмелетке толмағандардың ісі бойынша есепте 20 оқушы тұр (№1, 6, 12 – 2 оқушы, 16, 19 – 2 оқушы, 20 – 2 оқушы, 30, 39, Кешкі мектептен – 8 оқушы).
Оның ішінде:
4 оқушы спорттық секциямен, 1 оқушы гитара үйірмесімен қамтылған, 15 оқушы мектептегі түрлі клуб мүшелері.
Әр түрлі санаттағы балалардың өмір сүру жағдайларын зерттеу мақсатында 2024-2025 оқу жылының басында әлеуметтік паспорттар құрылды, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар мен сынып жетекшілері қолайсыз отбасылардың үйлерін аралап шықты. Іс-шараға полиция басқармасының учаскелік инспекторлары қатысты.
Ағымдағы оқу жылында полиция басқармасымен бірлесіп «Түнгі қаладағы балалар», - «Жасөспірім», «Балалар және жол қозғалысы қауіпсіздігі» жедел-профилактикалық іс-шаралары, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен 11 акция өткізіліп, локалды рейдтерге қатысылды.
Есепте тұрған әр балаға тәлімгерлер тағайындалып, міндетті жалпы білім беру қорынан және демеушілер есебінен қажет болған жағдайда көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, қосымша біліммен қамтиды және қажеттіліктеріне байланысты пәндерден қосымша оқуына пән мұғалімдерін де тәлімгер етіп тағайындап, оқуына көмектеседі.
Құқықбұзушылықтың алдын алу, балаларға қатысты зорлық-зомбылықты, өмірі мен денсаулығына қауіп келтіру жағдайларын болдырмау, зиянды әрекеттерден сақтандыру мақсатында ағымдағы оқу жылының басынан 5 бұқаралық шара, әр мектепте апта сайын 4 реттен «Қауіпсіздік сағаты», 20 мектепте прокуратура өкілдерімен кездесу, 51 мектепте учаскелік инспекторлармен кездесу, Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, балалардың құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілмен 20 кездесу өтті.
Ағымдағы оқу жылында аталған бағытта өткізілген негізгі шараларға тоқаталсақ:
Болашақта шалыс қадам баспай, өз өмірлеріне жауап беретін азаматтарды тәрбиелеу, яғни кәмелетке толмағандардың жасаған құқықбұзушылық деректерін азайту мақсатында қала мектептері төмендегі бағыттағы жұмыстарды жалғастырады:
1.Құқықтық нормаларды түсіндіру бойынша құқықтанушыларды, әділет, прокуратура өкілдерін тарта отырып, тақырыптық әңгімелер мен дәрістер, тренингтер өткізу жұмысын белсендіру;
2.Кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың деңгейін төмендету мақсатында үйірме, секция жұмыстарымен қамтуды жалғастыру;
3.Ата-ана мен бала арасындағы үйлесімді қарым-қатынасты орнату мақсатында отбасылық орталықтармен біріккен жұмысты белсендіру.