Орал қаласының білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Білім министрлігінің 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрығына сәйкес 3-ші тобының талаптарына орай жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі таңда Орал қаласы бойынша жалпы 108 білім беру ұйымдары жұмыс істейді, соның ішінде 53- ЖОББМ, 1- Кешкі (ауысымды) орта білім беретін мектеп, 1- оқу-өндірістік комбинаты, 50- мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары, 6- қосымша білім беру мекемелері бар. Қала бойынша барлық білім мекемелері бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.
Барлық білім беру ұйымдарында (53-мектеп, 50- балабақша, 5-қосымша білім беру ұйымы (Балалар өнер мектебі Зашаған әкімдігі ғимаратында орналасқан 1 бөлмені алып отыр), 1 –кешкі мектеп, 1- оқу-өндірістік комбинаты) Ішкі істер органдарының жедел басқару орталықтарына қосылған дабыл түймелері орнатылған.
Сонымен қатар, барлық білім беру ұйымдарында мектеп бейнекамералары арқылы БҚО полиция департаментінің Жедел басқару орталығына бейне сигнал беру мүмкіндігі қосылған.
2023 жылдың қаңтарында дабыл түймелерінің қызметтері үшін білім беру ұйымы баға ұсыныстарын сұрау арқылы өздерінің мемлекеттік сатып алуларын жариялап, іске қосты.
Қауіпсіздік мәселеін талқылау мақсатында бөлім басшының ұйымдастыруымен білім басқармасымен, цифрлық технологиялар басқармасымен, төтенше жағдай басқармасымен, полиция басқармасымен отырыс өткізілді.
Білім министрлігінің 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрығына сәйкес арнайы күзет мекемелерімен 3 жылға келісім-шартқа жасалды.
Қазіргі таңда 53 қалалық білім беретін мектептерінде турникеттер орнату жұмыстары сәтті аяқталып, іске қосылып жұмыс жасап тұр. Антипаника, өртдабыл интеграциялау, картамен кіріп-шығуы ата-аналарға хабарлама арқылы смс түзуі, қызметкерлердің жұмыс уақытын есепке алу функциялары қарастырылған.
Білім беру бөлімі мен білім беру ұйымдарының әлеуметтік желі парақшаларында балалардың қауіпсіздігін күшейту мақсатында постерлер жарияланып, ватсап чаттарға таратылды.
Қазіргі уақытта елімізде балалардың ойын алаңдарында балалардың қауіпсіздігіне қатысты қауіпті жағдайлар орын алуына байланысты қала бойынша әлеуметтік желілер және вастап чаттары арқылы ата-аналарға тұрғын үйлердің ауласында орналасқан балалар ойын алаңдарында әткеншектерден құлап кетіп, түрлі дене жарақаттар алу, балалардың жалғыз қалып, бөгде адамдарға ілеспеуі туралы ескертілді.
Сонымен қатар білім беру ұйымдары басшыларына қауіпсіздік мәселелеріне аса көңіл бөліп, мектеп пен мектептің айналасындағы аумақта кәріз құбыры, септик, құдықтардың қақпағы (люктер) ашық қалмауын зерделеу, өз учаскілеріндегі балалардың ойын алаңындағы құрылыстардың беріктігін, ағаштардың жағдайын тексеріп, олқылықтарды қалпына келтіру, шіріген, құлау қаупі бар ағаштарды кесу бойынша жұмыстар жүргізу, мектепке жақын орналасқан пәтер иелері кооперативінің төрағаларына көп қабатты тұрғын үйлердегі балалардың терезеден құлау қауіпін ескерту, шатырға шығатын есіктерді құлыптау туралы түсінік жұмыстарын жүргізу тапсырылды.
Қаланың білім беру ұйымдарында су айдындарындағы қауіпсіздік бойынша қауіпсіздік бұрыштары жасақталып, «Суға бату кезінде көрсетілетін алғашқы көмек», «Су айдындарындағы жүріс-тұрыс тәртібі», «Ата-аналардың назарына арналған» жадынамалар ілініп, оқушылар мен ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар суда жүзу дағдыларын үйрету қала мектептірінің оқушылары үшін Оқушылар сарайының бассейнінде жыл бойы және «Атамекен» орталығындағы стационарлық бассейнде жаз бойы жүргізіледі.