Білім беру бөліміне қарасты «Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығында 3 айда 1500 оқушы демалады деп жоспарланды. Оның ішінде әлеуметтік жағынан аз қорғалған, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 400.
Демалысты ұйымдастырудағы басым бағыттардың бірі болып дарынды оқушыларды 50% ата-аналары есебінен демалыспен қамту есептеледі. 230 осы санаттағы оқушылар «Атамекен» лагерінде демалысын өткізеді.
Қаланың 50 мектебінде тамақтануы ұйымдастырылған лагерлерде 5970 бала, 53 мектептегі тамақтану ұйымдастырылмаған лагерде 52650 бала демалысын өткізеді деп күтілуде.
«Мирас», «Рахат» шатырлы лагерлерінде 53 мектептен 1700 бала қамтылады деп күтілуде. Бұл шатырлы лагерлерде туристтік-өлкетану бағытында жұмыстар жүргізіліп, оқушылар болашақта ғылыми жоба жарыстарына дайындық жүргізеді.
2011 жылдан бері «Қайсар» патриоттық лагері жұмыс жасауда. 2025 жылы бұл лагерде мектепішілік бақылауда, жергілікті полицияның бақылауында тұрған және өмірін Отан қорғау ісіне арнағысы келген 230 ер бала өз демалысын өткізеді деп күтілуде.
Сонымен қатар Боровое курорттық аумағындағы лагерлерде жекеленген санаттағы отбасылардан 150 баланың демалысы және әр мектептен Астана қаласына осы санаттағы 53 оқушы, Шымкент қаласына 53 оқушы, Түркістан қаласына 53 оқушының экскурсиясы қарастырылады.
2025 жылға бюжджеттен 56077,0 мың теңге бөлінді.
Жалпы жазғы демалыспен қамту 95,8% құрайды деп күтілуде.