«Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқанын қорытындылау бойынша
Ағымдағы жылғы 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқанын өткізу бойынша өңірлік және қала әкімінің орынбасарымен бекітілген іс-шаралар жоспарлары жұмыс үшін қаланың білім беру ұйымдарына жолданды.
Білім беру бөлімі мен қаланың білім беру ұйымдарының әлеуметтік желілеріне (Инстаграм, Фейсбук) Ұлттық ақпараттық науқан туралы хабарлама мен жаднамалар жарияланды.
2023 жылдың 6 маусым күні білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен ақпараттық науқан аясында «Жазғы кезеңдегі балалардың бос уақыты мен демалысын ұйымдастыру, қауіпсіздік шаралар және ақпараттық науқан» бойынша қала мектептері директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына полиция басқармасы өкілдері, балалар құқықтары жөніндегі уәкіл және білім беру бөлімі мамандарының қатысуымен мәжіліс өткізілді.
Жазғы демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Атамекен» лагері, мектеп жанындағы тамақтануы ұйымдастырылмаған лагерлер, жазғы мектеп жұмысы жүргізілуде.
Кәмелетке толмағандардың оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін жұмыс жасауы үшін Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 31, 69 тармақтарының талаптардың орындалуы бойынша (Еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері; Жұмыскерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы) педагогтар ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Ұлттық ақпараттық науқан барысында жазғы кезеңде бала еңбегінің ең нашар түрлерін болдырмау мен жол бермеу бойынша заңнаманың бұзылу жағдайларының орын алмауы мақсатында қала мектептері жергілікті полиция қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдары өкілдерімен қалалық саябақ, шағын аудандардағы базарларда, ойын-сауық орталықтарында 7 маусым, 9 маусым күндері біріккен рейдтер ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қала мектептерінің «Жас ұлан» ұйымы белсенділері, мектеп педагог-еріктілерінен жасақталған 550 адам орталық саябақтарда, балалар ойын алаңында, сауда орталықтарында қала тұрғындарына бала еңбегінің ең нашар түрлері проблемалары және балаларды сатуды алдын алу бойынша 7, 8, 9 маусым күндері жадынамалар, үндеухаттар таратты.
9 маусым күні «Балалардың игілігі үшін!» Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Республикалық акция асында «Атамекен» жазғы сауықтыру лагерінің демалушыларына «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны тұжырымдамасына сәйкес суреттер конкурсы ұйымдастырылды.
Акцияның аясында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны тұжырымдамасына сәйкес Д.Нұрпейісова атындағы балалалар саз мектебінің педагогтары мектеп тәрбиеленушілерінің ата-аналарына жадынамалар мен үндеухаттар таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар мектеп кітапханаларында науқан тақырыбына байланысты көрмелер ұйымдастырылды.
Осылайша, Орал қаласының білім беру бөлімі Орал қаласы әкімдігінің кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы ведомствоаралық науқанды өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкесті шаралардың барлығын өткізді. Аталған мәселе қазіргі таңда өзекті болғандықтан, балаларды заңсыз жұмыс жасатпау үнемі назарда болады. Бала еңбегінің ең нашар түрлерін болдырмау мен жол бермеу бойынша жұмыстар одан әрі жалғасын таба береді.