2023-2024 оқу жылындағы № 12, 14, 18, 20, 22, 30, 32, 38, 48 мектеп оқушыларының күнделікті тасымалының ұйымдастырылуы туралы мәлімет
Мектептер бойынша оқушылардың күнделікті тасымалын ұйымдастыруда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 бұйрығымен бекітілген «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қағиданың талаптары басшылыққа алынады.
Қала бойынша тасымалдау 9 мектепте ұйымдастырылып, 3719 бала қамтылған.
№ 12 – 63 бала;
№ 14 – 107 бала;
№ 18 – 509 бала;
№ 20 – 36 бала;
№ 22 – 441 бала;
№ 30 – 1000 бала;
№ 32 – 133 бала;
№ 38 – 1067 бала;
№ 48 – 363 бала.
Оның ішінде №18.22.30.38.48 мектептерде мердігерлер ұйымдастырса, №12.14.20.32 мектептерде өз тарапынан жүргізіледі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Еліміздің ертеңін қалайтын жасөспірімдердің сапалы білім алуы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдай жасауымыз қажет» деген тапсырмасын орындауда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2022 жылдан бері жоспарланған 515 автобустың 365-ін аймақтардағы мектептерге жеткізді.
Ағымдағы жылдың маусым айында осы шара аясында 12.14.20.32.38 мектептерге (GOLDEN DRAGON маркалы) 5 автобус беріліп, бұл автобустар балалардың тасымалын ұйымдастыруда қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз етеді.