Меню

Страницы

Статья

Воспитательная работа

Тәрбие жұмысы

  Қазіргі таңда тәрбие жүйесіндегі бірқатар проблемалар бар:

-  балалар мен оқушы жастардың сапасы төмен бұқаралық ақпарат құралдары ақпаратына және интернет-сайттарға бағдарлануы;

- қатыгездікті насихаттау, балалар мен жасөспірімдердің темекі шегуге, алкоголь және есірткі қолдануға әуестенуі;

-  еңбек тәрбиесі рөлінің төмендеуі;

- отбасылық құндылықтар мен отбасылық тәрбие дәстүрлері рөлінің төмендеуі;

- әлеуметтік жетімдік, балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицид, нашақорлық, бүлдіргіш секталарға қатысу және т.б.

Осы өзекті проблемаларды шешу мақсатында  Орал қаласының білім беру бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында оқушыларды тәрбиелеу, бос уақытын тиімді ұйымдастыру жұмысы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне» сәйкесті кең көлемде жүргізілуде.

Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтар, адам өмірі мен денсаулығы, тұлғаның еркін дамуының басымдықтарын, патриотизмді, еңбексүйгіштікті, адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеуді көздейді.

Барлық қала мектептерінде құқықбұзушылықтың алдын-алу, балалардың бос уақытын тиімді өткізу үшін «Достық», «Адал Ұрпақ», «Жас жол сақшысы», «Жас полицей», «Жас құтқарушы» клубтары, «Аналар», «Әжелер», «Әкелер» мектептері белсенді түрде жұмыс жүргізуде.

Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының, қадағалаусыз, панасыз қалуының және қоғамға жат іс-әрекеттерінің алдын алу жөніндегі жұмыс қоғамның басым міндеттерінің бірі болып қала береді және оны білім бөлімі полиция басқармасымен бірлесіп жүзеге асырады. Білім беру бөлімі әр түрлі санаттағы балаларды әлеуметтендіру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізеді. Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, психологтар, әлеуметтік педагогтар, сынып жетекшілері учаскелік инспекторлармен, медицина қызметкерлерімен бірлесіп, ата-аналар мен кәмелетке толмағандарды құқықтық ағарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді және бұл жұмыстар интернет желісінде және ресми сайттарға жарияланады.

Наурыз айында «Талап, еңбек, терең ой...» тақырыбында әр салада кәсіби жетістікке жеткен, өнегелі ісімен үлгі боларлық азаматтарымен тәрбие бағытында ой қозғайтын жұмыс алаңы жүргізіліп, 1700 жоғары сынып оқушысы қамтылды.

Қыркүйек-қараша айы бойы Мектептен тыс жұмыс орталығы және қаланың барлық мектептерінде облыстық психикалық орталығының жоғары санатты психиатр-нарколог маманы Нұрлан Фатихоллаұлы Сатановпен «Маман кеңес береді» тақырыбында зиянды әрекеттерден аулақ болу, нашақорлықтың алдын алу бойынша барлығы 52 шара (дөңгелек үстел, кездесулер) өткізіліп, 2000 жоғары сыныптың ер балалары қамтылды.

2022-2023 оқу жылында «Болашағың өз қолыңда!» шаралар сериясы ұйымдастырылып, жоғары сыныптың ер балаларымен облыстық мәслихат депутаты, волонтерлар, үздік спортмендер, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің (БҚО полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Елдос Назаров, Облыстық мәслихат депутаты Әсел Мырзахметова, БҚО ҚХА жанындағы Достық Қазақ-Вайнах клубының жетекшісі Талғат Чудобаев, БҚО бойынша ММА федерациясының президенті Алмат Исентаев)бірнеше кездесуі өткізілді. Бұл шаралар барысында спикерлер кәмелетке толмағандарға құқық нормалары, заң алдындағы жауапкершілік және қазіргі таңда нашақорлар арасында көп қолданылатын трамадол дәрісінің таралу проблемасы және т.б. туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, зиянды әрекеттер аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстануға бағыт-бағдар берді. Барлығы 8 бұқаралық шара ұйымдастырылып, 2300 ер бала қатысты.  Полиция басқармасының есебінде және мектепішілік бақылауда тұрған қауіп-қатер тобындағы балалармен тұрақты түрде жеке жұмыс жүргізіледі. Күні бүгін қала мектептері тәлімгерлік жұмыс бағытын (наставничество) қайта жандандыруда, яғни түрлі санаттағы оқушыларға мектеп әкімшілігі, педагогтары тарапынан тәлімгер бекітіліп, әлеуметтендіру, бос уақытын қамту жұмысын белсендіріп, қызығушылығы бойынша пәндерді оқытуға назар аударуда. Оқу жылы бойы ювеналдық полиция қызметкерлерімен түрлі бағыттағы біріккен шаралар жүргізіліп, 7000 ата-ана қамтылды.

Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеудің балама орындарын пайдалану мүмкіндігін қарастыру қажет деп шешім қабылдап, яғни, балаларға тұрақты әрі берекелі отбасы жағдайына мейлінше жақындатылған жағдайды тудыру мақсатында білім беру бөліміоқушылардың бос уақытын қамту, әлеуметтік жауапкершілікке үйрету, ортаға бейімдеу, әлеуметтік маңызды құндылықтарына қол жеткізуіне, ішкі потенциалын ашуға көмектесу үшін әр аптаның жұма күні түрлі мәдени орындарға апару, бұқралалық  шараларға тарту жұмысын жүргізуде. (театрға апару, Оқушылар сарайы, мектептен тыс жұмыс орталығы, «Атамекен» орталығының үйірме, секцияларына апарып шеберлік сыныптарын өткізу, түрлі сала мамандары және жетістікке еткен тұлғалармен кездесулер).

Ағымдағы жылдың қараша, наурыз айларында Оқушылар сарайында оқушыларға жол ережелерін оқытатын «Қауіпсіз жол» деп аталатын мобильді алаңында 1-6 сынып оқушыларына сабақтар өткізіліп, 17000 оқушы қамтылды.  Барлық мектептерде оқушыларға жол қауіпсіздік ережелерін сақтап, автокөліктердің толық тоқтағанына дейін жолдан өтпеу қажеттігі жөнінде «15 минуттық бірыңғай түсінік сағаты» жүргізілді.  Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі дайындаған «Оқушы» екі жақты бой ұзындығымен бірдей мүсіндері  қыркүйек айында білім беру ұйымдары мен балабақшалар аумағына автокөлік жолы арқылы өтетін жаяу жүргінші өтпелерінде орнатылды.   Барлық білім беру ұйымдарында ата-аналар, оқушыларға арналған  жол қауіпсіздігін сақтау бойынша нұсқаулықтар ақпараттық-ағартушылық тақталарында ілінді.

Мамыр айында барлық білім беру ұйымдарында Отбасы күніне арналған «Ашық есік күні» өткізіліп, педагог-психологтар түрлі санаттағы отбасы оқушылары, ата-аналарын жеке қабылдау өткізді.

Барлық қала мектептері медиаторлармен қамтылған. Мектеп медиторлары құқықтық түсіндіру жұмысын үнемі жүргізеді.

Қараша, желтоқсан айларында барлық қала мектептерінде үкіметтік емес ұйымдармен кездесулер өткізіліп, шаралар барысында 8-9 сыныптың ер балаларына құқық нормалары, заң алдындағы жауапкершілік туралы түсініктер жүргізілді.

ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұйымдастырыуымен  «Адалдық сағаты» акциясы ұйымдастырылады. Білім беру ұйымдары Ютуб каналында орналастырылған видеороликтерді қарауды жүргізеді.

Әртүрлі санаттағы балалардың өмір сүру жағдайларын зерделеу мақсатында қала мектептері 2022-2023 оқу жылы басталғаннан бері 2328 отбасына барды. Осы іс-шараға 100 мұғалім мен полиция басқармасы инспекторлары тартылды. Оқу жылының басында әлеуметтік паспорттар құрылып, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар және сынып жетекшілер қолайсыз отбасылардың үйлерін аралау жұмыстарын жүргізді. Полиция басқармасында 2023 жылдың 1 тоқсанында 30 оқушы есепте тұр. (2021 жылы - 32 оқушы, 2022 жылы – 32 оқушы есепте тұрған). Есепте тұрған барлық оқушыға тәлімгер тағайындалған.  Ата-ананың келісімімен 14 оқушы мектеп психологінің көмегін алған, 8 оқушы «Жас ұрпақ» орталығында психологтялық көмек алған. Учаскелік инспекторлар мектеппен үнемі байланыста.  Үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен біріккен шараларға барлық оқушылар тартылған.

Қараша айында қалалық прокуратураның прокуроры Әлия Халелова мен полиция басқармасының өкілдерінің қатысуымен «Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы»  Қазақстан Республикасының Заң нормаларын түсіндіру бойынша кездесулер өткізіліп, 50 мектепте жоғары сыныптың 1890 оқушысы қамтылды.

Ағымдағы жылғы 1-12 маусым аралығында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқанын өткізу бойынша өңірлік және қала әкімінің орынбасарымен бекітілген іс-шаралар жоспарлары жұмыс үшін қаланың білім беру ұйымдарына жолданды. Білім беру бөлімі мен қаланың білім беру ұйымдарының әлеуметтік желілеріне (Инстаграм, Фейсбук) Ұлттық ақпараттық науқан туралы хабарлама мен жаднамалар жарияланды. 2023 жылдың 6 маусым күні білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен ақпараттық науқан аясында «Жазғы кезеңдегі балалардың бос уақыты мен демалысын ұйымдастыру, қауіпсіздік шаралар және ақпараттық науқан» бойынша қала мектептері директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына полиция басқармасы өкілдері, балалар құқықтары жөніндегі уәкіл және білім беру бөлімі мамандарының қатысуымен мәжіліс өткізілді. Жазғы демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Атамекен» лагері, мектеп жанындағы тамақтануы ұйымдастырылмаған лагерлер, жазғы мектеп жұмысы жүргізілуде.  Кәмелетке толмағандардың оқудан бос уақытта, денсаулығына зиян келтірмейтін жұмыс жасауы үшін Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 31, 69 тармақтарының талаптардың орындалуы бойынша (Еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері; Жұмыскерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы) педагогтар ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Ұлттық ақпараттық науқан барысында  жазғы кезеңде бала еңбегінің ең нашар түрлерін болдырмау мен жол бермеу бойынша заңнаманың бұзылу жағдайларының орын алмауы мақсатында қала мектептері жергілікті полиция қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдары өкілдерімен қалалық саябақ, шағын аудандардағы базарларда, ойын-сауық орталықтарында 7 маусым, 9 маусым күндері біріккен рейдтер ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қала мектептерінің «Жас ұлан» ұйымы белсенділері, мектеп педагог-еріктілерінен жасақталған 550 адам орталық саябақтарда, балалар ойын алаңында, сауда орталықтарында қала тұрғындарына бала еңбегінің ең нашар түрлері проблемалары және балаларды сатуды алдын алу бойынша 7, 8, 9 маусым күндері жадынамалар, үндеухаттар таратты. 9 маусым күні «Балалардың игілігі үшін!» Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Республикалық акция асында «Атамекен» жазғы сауықтыру лагерінің демалушыларына «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны тұжырымдамасына сәйкес суреттер конкурсы ұйымдастырылды. Акцияның аясында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» Ұлттық ақпараттық науқаны тұжырымдамасына сәйкес Д.Нұрпейісова атындағы балалалар саз мектебінің педагогтары мектеп тәрбиеленушілерінің ата-аналарына жадынамалар мен үндеухаттар таратып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар мектеп кітапханаларында науқан тақырыбына байланысты көрмелер ұйымдастырылды. Осылайша, Орал қаласының білім беру бөлімі Орал қаласы әкімдігінің кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы ведомствоаралық науқанды өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкесті шаралардың барлығын өткізді. Аталған мәселе қазіргі таңда өзекті болғандықтан, балаларды заңсыз жұмыс жасатпау үнемі назарда болады. Бала еңбегінің ең нашар түрлерін болдырмау мен жол бермеу бойынша жұмыстар одан әрі жалғасын таба  береді.

Дата публикации
05 октября 2023
Дата обновления
05 октября 2023
Тип
Информация

Сейчас читают

Информация
10 июля 2026
О реализации единой образовательной программы «Адал Азамат»
Информация
15 мая 2025
Жазғы демалысты ұйымдастыру
Информация
15 мая 2025
Кәмелетке толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы