Меню

Страницы

Статья

Организация летнего отдыха. 2022-2023 уч.год.

Жазғы демалысты ұйымдастыру

Жазғы демалысты ұйымдастыруда білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің «2020–2023 жылдардағы каникул кезеңінде балаларды сауықтыру демалысын, олардың бос уақытын және жұмыспен айналысуын ұйымдастыру туралы өкімін» басшылыққа алып,  сәйкесті жұмыстар жүргізеді.

Білім беру бөліміне қарасты «Атамекен» қалалық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығында 3 айда 1500  оқушы демалады деп жоспарланды. Оның ішінде әлеуметтік жағынан аз қорғалған, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 400.

Демалысты ұйымдастырудағы басым бағыттардың бірі болып дарынды оқушыларды 50% ата-аналары есебінен демалыспен қамту есептеледі.  230 осы санаттығы оқушылар «Атамекен» лагерінде демалысын өткізеді.

Қаланың 46 мектебінде тамақтануы ұйымдастырылған  лагерлерде 6700 бала,  50 мектептегі және 2 қосымша білім беру ұйымында (мектептен тыс жұмыс орталығы, Оқушылар сарайы)  тамақтану ұйымдастырылмаған лагерде 37655 бала  демалысын өткізеді деп күтілуде. 

Жетінші жыл қала мектептері жанындағы лагерлерде бағдарлы алаңдар жұмыс жасайтын болады. Атап айтсақ, барлық мектептерде үш тілді оқыту алаңдары, интеллектуалдық алаңдар жоспарлы жұмыс жасайды.

Он бірінші жыл қатарынан білім беру бөлімі «Мирас», «Рахат» шатырлы лагерлерін ұйымдастырып,  жалпы демалыстың бұл түрімен 50 мектептен 1700 бала қамтылады деп күтілуде.  Бұл шатырлы лагерлерде туристтік-өлкетану бағытында жұмыстар жүргізіліп, оқушылар болашақта ғылыми жоба жарыстарына дайындық жүргізеді.

2011 жылдан бері  «Қайсар» патриоттық лагері жұмыс жасауда. 2023 жылы  бұл лагерде  мектепішілік бақылауда, жергілікті полицияның бақылауында тұрған және өмірін Отан қорғау ісіне арнағысы келген  230 ер бала өз демалысын өткізеді деп күтілуде. 

Жалпы жазғы демалыспен қамту 85,2 пайызды құрайды.

Дата публикации
05 октября 2023
Дата обновления
05 октября 2023
Тип
Информация

Сейчас читают

Информация
10 июля 2026
О реализации единой образовательной программы «Адал Азамат»
Информация
15 мая 2025
Жазғы демалысты ұйымдастыру
Информация
15 мая 2025
Кәмелетке толмағандардың арасында құқықбұзушылықтың алдын алу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы