GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Бөлім туралы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Все материалы
13 октября 2026
«БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БІР КҮНІ»
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА «БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БІР КҮНІ» ЖОБАСЫ ӨТЕДІ
2026 жылғы 12–30 қазан аралығында Казталов ауданында «Табысқа қадам: Білім&Sapa» аудандық жобасы аясында «Білім беру бөлімінің бір күні» іс-шарасы өтеді.
Аталған бастама білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуымен танысуға, білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды зерделеуге және білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға бағытталған.
Жоба аясында аудан мектептерінде кездесулер ұйымдастырылады. Сонымен қатар білім беру ұйымдарының жұмыс тәжірибесі сараланып, білім беру бөлімінің басшылығымен қабылдау жүргізіледі.
ІС-ШАРАЛАР КЕСТЕСІ:
12 қазан – Көктерек ЖОББМ
14 қазан – Бостандық ЖОББМ
16 қазан – А. Байтұрсынов атындағы МБК
19 қазан – Қайыңды ЖОББМ
21 қазан – Талдыапан ЖОББМ
23 қазан – Әбіш НОМ
28 қазан – Тереңкөл МБК
29 қазан – Сатыбалды НОМ
30 қазан – Н. Дүйсенғалиев атындағы НОМ
Орта білім беру
09 октября 2026
Идеядан – жеңіске: ауданның 4 ұстазы республикалық кезеңге өтті
Идеядан – жеңіске: ауданның 4 ұстазы республикалық кезеңге өтті
«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының өңірлік кезеңінде аудан педагогтері жоғары нәтижелер көрсетіп, бірқатар жүлделі орындарға ие болды.
✨ Республикалық кезеңге жолдама алған педагогтер:
🥇 Кажгалиева Гүлжанат Тасжановна – А.Байтұрсынұлы атындағы МБК, цифрлық сауаттылық бағыты
🥇 Амангалиева Қымбат Кимеденовна – А.Байтұрсынұлы атындағы МБК, математикалық сауаттылық бағыты
🥇 Сұлтанова Құрманай Тлеккабыловна – Сарықұдық НОМ, экологиялық сауаттылық бағыты
🥇 Гумарова Жазира Армановна – Қайыңды ЖОББМ, жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы бағыты
🌟 Сонымен қатар байқаудың өңірлік кезеңінде:
🥈 Лукпанова Гульбарам Елтайевна – К.Мендалиев атындағы ЖОББМ, халықаралық сауаттылық бағыты
🥉 Имангалиев Серік Батырғалиевич – Г.Бегалиев атындағы ЖОББМ, халықаралық сауаттылық бағыты
🥉 Оразғалиева Бұлбұл Жәдігерқызы – Қайыңды ЖОББМ, математикалық сауаттылық бағыты
🥉 Ғиниятова Алтынай Бауыржанқызы – Көктерек ЖОББМ, математикалық сауаттылық бағыты
🥉 Идресова Айымгүл Талапқызы – С.Есетов атындағы МБК, экологиялық сауаттылық бағыты
👏 Педагогтердің кәсіби ізденісі мен тың идеялары – білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам.
Республикалық кезеңге жолдама алған ұстаздарға сәттілік тілейміз! Биік белестерді бағындырып, ауданымыздың мерейін асқақтата беріңіздер!
 
 
 
 
 
08 октября 2026
ҰСТАЗ ЕҢБЕГІ – ЕЛ ҚҰРМЕТІНДЕ
ҰСТАЗ ЕҢБЕГІ – ЕЛ ҚҰРМЕТІНДЕ
Мұғалімдер күніне орай облыс орталығындағы «Атамекен» өнер ордасында білім мен тәрбие саласының майталмандарына құрмет көрсеткен «Ұстазға тағзым» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Кеш барысында ұстаздық жолдағы еселі еңбек пен білім саласының дамуына қосылған үлес лайықты бағаланып, бірқатар мәртебелі марапаттар табысталды.
🏅 «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі – білім беру саласындағы кәсіби шеберлік пен елеулі еңбектің жоғары бағасы.
🏅 «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісі – саналы ғұмырын ел игілігіне арнаған еңбек адамдарына көрсетілген құрмет.
🏅 «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі – білім саласына қосылған қомақты үлес пен табанды еңбектің айғағы.
📜 Облыс әкімінің Алғыс хаты – ұстаздық қызметтегі жауапкершілік пен нәтижелі еңбектің бағасы.
Мерейлі марапаттар – ұстаз еңбегінің қоғамдағы орны мен мәртебесінің биіктігін айқындайтын айрықша құрмет.
Ұстазға құрмет – білімге құрмет! 🌿
30 сентября 2026
«Үздік дене шынықтыру педагогі – 2026»
әсіби шеберлікті шыңдап, дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің озық тәжірибесін насихаттау мақсатында «Үздік дене шынықтыру педагогі – 2026» байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқау қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – Нонахов А., Тереңкөл МБК
🥈 ІІ орын – Хафизова Б., Г. Бегалиев атындағы ЖОББМ
🥉 ІІІ орын – Беккалиев Е., Бірік ЖОББМ
🥉 ІІІ орын – Аралбаев Ж., Жас НОМ
✨ «Үздік бұқаралық іс-шара» – Сатқанов А., А. Хұсайнов атындағы ЖОББМ
🏃 «Заманауи дене шынықтыру сабағы» – Тукина Г., Қараөзен мектеп-лицейі
💡 «Креативті педагог» – Ризуанов У., Жаңажол ЖОББМ
👏 Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!
Педагогтердің кәсіби ізденісі мен шығармашылық бастамаларына сәттілік, жаңа жетістіктер тілейміз!
Шебер ұстаз – салауатты ұрпақ кепілі! 🏆
Кадрлық тағайындау
30 сентября 2026
Кадрлық тағайындау
Көктерек жалпы орта білім беретін мектебіне жаңа директор тағайындалды
Білім беру саласында 29 жылдық педагогикалық өтілі, 3 жылдық басшылық еңбек өтілі бар, екінші санатты басшы Сүндеткалиева Лаура Жақыпқызы Көктерек жалпы орта білім беретін мектебінің директоры қызметіне тағайындалды.
Лаура Жақыпқызы – жоғары білімді география пәні мұғалімі. Еңбек жолын 1997 жылы бастап, әр жылдары пән мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. 2023 жылдан бастап Талдыапан ЖОББМ директоры қызметін атқарып келді.
Басшылық қызметінде өзін кәсіби білімі жоғары, ұйымдастырушылық қабілеті мол, жауапты әрі іскер басшы ретінде таныта білді. Оқу-тәрбие процесін жетілдіру, білім сапасын арттыру және педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.
🌷 Лаура Жақыпқызын жаңа қызметімен құттықтаймыз!
Жаңа қызметінде толағай табыс, биік белестер және шығармашылық жетістіктер тілейміз!
Жаңа қызмет – жаңа белес, жаңа мүмкіндіктер!
Кадрлық тағайындау
28 сентября 2026
КАДРЛЫҚ ТАҒАЙЫНДАУ
 
Қолданыстағы талаптарға сәйкес, тұрақты басшы тағайындалғанға дейін А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-бөбекжай кешені директорының міндетін уақытша атқарушы болып Ақпәтер жалпы орта білім беретін мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Каким Алпамыс Кенжебекұлы тағайындалды.
Алпамыс Кенжебекұлы – екінші санатты басшы орынбасары, педагог-зерттеуші. Білім беру саласындағы тәжірибесі мен ұйымдастырушылық қабілеті жаңа міндетті тиімді атқаруға бағытталады.
Аталған тағайындау білім беру процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету және мектеп қызметін тиімді ұйымдастыру мақсатында жүзеге асырылды.
Жаңа қызметіңізге сәттілік, жұмысыңызға толағай табыс тілейміз!
Қосымша білім беру
21 сентября 2026
КАЗТАЛОВ ҰСТАЗДАРЫ – «ЕВРОПА–АЗИЯ – 2026» ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ
Халықаралық туризм күніне арналған білім қызметкерлері арасындағы «Европа–Азия – 2026» республикалық туристік фестивалі ұстаздардың туристік шеберлігі мен командалық рухын тағы бір мәрте айқын көрсетті.
Ауқымды додаға Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданының «Балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының» педагогтары қатысып, бірнеше спорттық және шығармашылық бағытта жүлделі нәтижелерге қол жеткізді.
🏆 Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – «Байлам» қашықтығы, ерлер жұбы арасында Малаев Ербол және Тлепқали Аманер;
🥈 ІІ орын – түнгі бағдарлау, ерлер арасында Қуаныш Ақжан;
🥈 ІІ орын – дойбыдан әйелдер арасында Хафизова Ботагөз;
🥈 ІІ орын – техникалық қашықтық бойынша Қазталов ауданының «Балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының» командасы;
🥈 ІІ орын – волейбол жарысында Қазталов ауданының «Балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының» командасы;
🥉 ІІІ орын – «Бард әндері» байқауында Қыдырғалиев Бауыржан;
🥉 ІІІ орын – «Байлам» қашықтығы, аралас жұп арасында Қуаныш Ақжан және Бисемалиева Мерей;
🥉 ІІІ орын – дойбыдан ерлер арасында Сарсенғалиев Тимур.
💪 Әр кезеңде өзара қолдау мен ұйымшылдық танытып, тәжірибелері мен шеберліктерін ортаға салған педагогтар ауданымыздың намысын абыроймен қорғады.
🎉 Жеңіске жеткен барша ұстаздарды құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда да биік белестерден көрініп, жаңа жетістіктерге жете беріңіздер!
15 сентября 2026
“ҮЗДІК ПЕДАГОГ – 2026”: АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
“ҮЗДІК ПЕДАГОГ – 2026”: АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
“Үздік педагог – 2026” республикалық байқауының аудандық кезеңі өз мәресіне жетті. Байқаудың негізгі мақсаты – педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық бастамаларын қолдау және білім беру саласының үздік өкілдерін анықтау.
🔍 Байқауға қатысқан үміткерлердің жұмыстары конкурстық комиссия тарапынан жан-жақты сараланып, олардың кәсіби құзыреттілігі, әдістемелік шеберлігі мен жаңашыл жұмыс тәсілдері ескерілді. 100 балдық бағалау жүйесі бойынша 80%-дан жоғары ұпай жинаған ұстаздар аудандық кезеңге жолдама алды.
✅ “Үздік педагог” аудандық байқауының жеңімпаздары анықталды! 🎉
🔹 Утешова Тамара Рашидовна – Казталов МЛ, бастауыш сынып мұғалімі
🔹 Жумашева Айдана Нұрланқызы – Қарасу ЖОББМ, тарих пәні мұғалімі
🔹 Абдрахманова Румия Мусагалиевна – Қараөзен мл, бастауыш сынып мұғалімі
🎊 Барша жеңімпаздарды шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Сіздер – ұрпақ болашағы жолындағы ұлы миссияны абыроймен атқарып жүрген нағыз ҰСТАЗ ТҰЛҒАЛАРСЫЗДАР! 👏
09 июня 2026
ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ ЖҰМЫСЫ БАСТАУ АЛДЫ
ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬ ЖҰМЫСЫ БАСТАУ АЛДЫ
🇰🇿3 маусым күні “Достық” саябағында «Болашақ» жазғы демалыс лагерінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
🇰🇿Салтанатты шара ұлттық нақыштағы “Тойбастар” биімен басталып, бағдарлама аясында қазақ халқының дәстүріне сай шашу шашылып, ақ бата берілді.
🇰🇿Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізіліп, Мемлекеттік Әнұран орындалды. Мерекелік жиынға аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев қатысып, лагерь жұмысына сәттілік тіледі.
🇰🇿Лагерь құрамындағы «ТҰМАР», «РУХ», «САҚ», «Дәстүр», «NOMAD» топтары өз атаулары мен ұрандарын таныстырып, лагерь антын қабылдап, достық пен тәртіпті сақтауға уәде берді.
🇰🇿Шараның концерттік бөлімінде Казталов балалар музыка мектебінің оқушылары өнер көрсетіп, ұлттық әндер орындалды. Сонымен қатар “Арғымақ” биі мен “Атамекен” әні көпшілік назарына ұсынылды.
🇰🇿Мерекелік кеш лагерь гимні мен балалардың флешмобымен қорытындыланды. Шара соңында қатысушылар естелік суретке түсіп, жазғы лагерь маусымына сәттілік тілесті.
«Болашақ» жазғы лагері балалардың бос уақытын мазмұнды өткізуге, ұлттық тәрбие мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды тәрбиелік алаң болып табылады.
28 мая 2026
"Дарындылыққа дара жол"-дарын иегері дәріптелген кеш
 
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы