Кадрлық тағайындау

Кадрлық тағайындау
Көктерек жалпы орта білім беретін мектебіне жаңа директор тағайындалды
Білім беру саласында 29 жылдық педагогикалық өтілі, 3 жылдық басшылық еңбек өтілі бар, екінші санатты басшы Сүндеткалиева Лаура Жақыпқызы Көктерек жалпы орта білім беретін мектебінің директоры қызметіне тағайындалды.
Лаура Жақыпқызы – жоғары білімді география пәні мұғалімі. Еңбек жолын 1997 жылы бастап, әр жылдары пән мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды. 2023 жылдан бастап Талдыапан ЖОББМ директоры қызметін атқарып келді.
Басшылық қызметінде өзін кәсіби білімі жоғары, ұйымдастырушылық қабілеті мол, жауапты әрі іскер басшы ретінде таныта білді. Оқу-тәрбие процесін жетілдіру, білім сапасын арттыру және педагогтердің кәсіби дамуына жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.
🌷 Лаура Жақыпқызын жаңа қызметімен құттықтаймыз!
Жаңа қызметінде толағай табыс, биік белестер және шығармашылық жетістіктер тілейміз!
Жаңа қызмет – жаңа белес, жаңа мүмкіндіктер!