GOV.KZ – Единая платформа цифровых ресурсов государственных органов (ЕПЦР ГО)

Меню
Страницы
Онлайн-приемная
Контакты
Деятельность
Документы
Пресс-центр
Об отделе
Все материалы
17 сентября 2026
Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімі бос лауазымға конкурс жариялайды

 

  1. БҚО, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылдық округі, Шыңғырлау ауылы, Лұқпан Қлышев көшесі, 89А мекенжайы бойынша орналасқан "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің дене шынықтыру, АӘжТД пәндерінің әдіскерінің бос лауазымына конкурс жариялайды.

Лауазымдық міндеттері:

      аудан (қала) педагогтерімен әдістемелік жұмысты ұйымдастырады, курсаралық кезеңде әдістемелік жұмыстың тиімділігін зерделейді;

       жетекшілік ететін мәселелер бойынша, оның ішінде дене шынықтыру-бұқаралық жұмыстар бойынша білім беру ұйымдарын әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

      мамандықтар бойынша педагогтердің біліктілігін арттыруды болжайды және жоспарлайды;

      педагогтердің оқу-әдістемелік құжаттарын (дидактикалық материалдарды), семинарларын, конференцияларын, конкурстарын, олимпиадаларын әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады;

      педагогтер мен білім беру ұйымдарының инновациялық және тәжірибелік-эксперименттік қызметінің нәтижелерін талдайды және қорытындылайды;

      білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтеріне оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысын ұйымдастыруда консультациялық және практикалық көмек көрсетеді;

      педагогтарға көмек ретінде библиографиялық анықтамалықтар, әзірлемелер, тестілік және өзге де материалдар жасайды, оларды әдістемелік кабинеттердің, аудан (қала)педагогтерінің назарына жеткізеді;

      оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық тәжірибесі туралы ақпаратты жинақтайды және таратады;

       педагогтердің, білім беру ұйымдары басшыларының неғұрлым нәтижелі тәжірибесіне мониторинг жүргізеді және таратады;

      педагогикалық қызметкерлердің әдістемелік бірлестіктерінің жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;

      білім алушылардың конкурстарын, көрмелерін, олимпиадаларын, слеттерін, жарыстарын өткізу бойынша құжаттаманы ұйымдастырады және әзірлейді;

      есептерді дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.

Білуге тиіс:

       Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер;

       мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, жұмыстың тиімді нысандары мен әдістерін анықтау, қорыту және тарату әдістемесі;

      педагогикалық этиканың нормалары;

      педагогика және жас психологиясы негіздері;

      дидактика принциптері, оқытудың жалпы және жеке әдістері;

      әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принциптері;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрттен қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

      аудандар/қалалар деңгейінде:

      тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Кәсіби құзыреттілікті айқындай отырып, біліктілікке қойылатын талаптар:

       1) "педагог":

      қосымша білім беру ұйымдары қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      балаларға қосымша білім беру ұйымдарының әдістемелік корпусының кадрлық құрамы мен әлеуетін талдау;

      бағдарламалық-әдістемелік өнімді қалыптастыру;

      2) "педагог-модератор":

      "педагог" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

      әдістемелік және ақпараттық материалдарды әзірлеуге қатысу;

      диагностика жүргізу;

      педагогтерді даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жоспарлау;

      ғылыми зерттеулер мен озық педагогикалық тәжірибені енгізу;

      ұйымдардың эксперименттік және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін талдау және қорытындылау;

      аудан/қала ішінде конкурстар, көрмелер, олимпиадалар, слеттер, жарыстар ұйымдастыру және өткізуге қатысу;

       3) "педагог-сарапшы":

      "педагог-модератор" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

      білім беру, бос уақыт бағдарламаларын, әдістемелік әзірлемелердің, ұсынымдардың, оқу құралдарының әртүрлі түрлерін әзірлеуге қатысу;

      әдістемелік, анықтамалық, ақпараттық-талдау материалдарын жинауды, жинақтауды және жүйелеуді жүзеге асыру;

      педагогтерге қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұнын анықтауға көмек көрсету;

      4) "педагог-зерттеуші":

      "педагог-сарапшы" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

      қосымша білім беру саласындағы озық отандық және әлемдік тәжірибені тарату;

       облыс, республика деңгейінде мастер-кластар, педагогикалық шеберханалар, семинарлар ұйымдастыру;

      қосымша білім беру саласында білім беру процесін жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;

      бағдарламалар мен оқу-әдістемелік кешендерді апробациялауға қатысу;

      5) "педагог-шебер":

      "педагог-зерттеуші" біліктілігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ:

      қосымша білім беруді дамытудың басым бағыттарын іске асыру бойынша бағдарламалық-әдістемелік өнім әзірлеу;

       облыстық, республикалық, халықаралық деңгейде іс-шаралар ұйымдастыру,

       қосымша білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге, оларды сараптауға, қолданыстағы білім беру стандарттарын, оқу-бағдарламалық құжаттаманы түзетуге және жаңаларын әзірлеуге қатысу;

      қосымша білім беру саласындағы жетекші мамандардың озық тәжірибесін тарату.

 

   Өткізілетін орны: Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімі

Қажетті  құжаттар  осы хабарландыру  Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімінің сайтында жарияланған сәттен бастап, жеті жұмыс күні ішінде  2026 жылдың 18-28 қыркүйек аралығында мына  мекен-жайға  тапсырылуы тиіс: БҚО, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылдық округі, Шыңғырлау ауылы, Лұқпан Қлышев көшесі, 89А мекенжайына . Анықтама  телефоны: 8(71137)34224, Shyngyrlau_roo@edu.kz

 

Конкурстың барлық кезеңдерінен өткеннен кейін әңгімелесудің күні мен уақыты үміткерлерге қосымша хабарланады.

 Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімінің конкурстық комиссиясы

02 июня 2026
Балаларды қорғау күніне орай балалардың құқықтарын қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және білім беру жүйесін дамыту ісіне қосқан үлесі үшін бірқатар ұстаздар мен сала мамандары марапатталды.
Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасының Құрмет грамотасымен:
🔹 Есендыкова Ажар Яулбаевна
🔹 Даулетов Қазбек Балтабекұлы
🔹 Журманова Жайдарлы Каирхановна
🔹 Бикалов Айдарбек Сағындықұлы
Ал Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасарының Алғыс хатымен:
🔹 Мендалиева Нұргүл Болатқызы
🔹 Алдамжарова Балмира Құрманғазықызы марапатталды.
Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! 💐
Сіздердің кәсібиліктеріңіз, адал еңбектеріңіз бен балалардың жарқын болашағы жолындағы қажырлы қызметтеріңіз әрдайым жоғары бағалана берсін. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс және жаңа жетістіктер тілейміз!
02 июня 2026
«АРАЙ – ШАТТЫҚ ПЕН ДОСТЫҚ МЕКЕНІ»
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудандық «Арай» балалардың оқу-сауықтыру орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Мерекелік шараға аудандық білім беру бөлімінің өкілдері, ардагер ұстаздар, тәрбиешілер, ата-аналар және лагерь қатысушылары қатысты. Ашылу салтанаты көтеріңкі көңіл күйде өтіп, балаларға арналған жарқын бағдарламалар ұсынылды.
Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Айбек Жаншаұлы құттықтау сөз сөйлеп, балаларға қызықты әрі мазмұнды жазғы демалыс тіледі. Сондай-ақ ауданның құрметті азаматы, ардагер ұстаз Адақ Танабайұлы Шотпанов, аудандық маслихат төрағасы Сағидолла Батырұлы, аудандық “Аманат” партиясының бірінші хатшысы Азамат Құлымжанұлы ақ баталарын беріп, жас ұрпаққа ізгі тілектерін жеткізді.
Мерекелік бағдарламада «Әсем-ай» би тобының флешмобы, балалардың мәнерлеп оқу өнері мен жас өнерпаздардың ән шашуы көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Балаларға мерекелік тәттілер мен балмұздақтар таратылып, көтеріңкі көңіл күй сыйланды.
«Арай» лагері – балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, жаңа достар табуға және қызықты естеліктер жинауға мүмкіндік беретін ерекше орта.
Барша бүлдіршіндерімізге жарқын жаз, көтеріңкі көңіл күй және ұмытылмас демалыс тілейміз!
02 июня 2026
«ЖІГЕРЛІ ЖАНҰЯ» аудандық отбасылық спорттық байқауы өтті
29 мамыр күні Шыңғырлау аудандық білім беру бөлімінің ұйымдастыруымен Отбасы күні мен Балаларды қорғау күніне арналған «ЖІГЕРЛІ ЖАНҰЯ» аудандық отбасылық спорттық байқауы жоғары деңгейде өтті.
Байқаудың басты мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, салауатты өмір салтын насихаттау, ата-ана мен бала арасындағы ынтымақтастықты нығайту және отбасылық ұйымшылдықты дамыту.
Сайысқа аудан мектептерінен келген белсенді жанұялар қатысып, өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын, ұйымшылдығы мен спорттық дайындығын көрсетті. Қатысушылар «Таныстыру», «Жылдам отбасы», «Көңілді старт», «Бірлік бар жерде», «Секір де, жүгір!» және «Тату жанұя» кезеңдерінде бақ сынады.
Байқау барысында әр отбасы жеңіске деген жігерін ғана емес, өзара сыйластық пен қолдаудың, татулық пен бірліктің жарқын үлгісін көрсете білді. Көрермендер тартысты сайыстардың куәсі болып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Сайыс қорытындысы бойынша үздік жанұялар анықталып, аудандық білім беру бөлімінің дипломдарымен және арнайы марапаттарымен мараптталды.
Осындай игі шаралардың басты құндылығы – отбасы мүшелерінің бірлігін арттырып, жас ұрпақтың бойына салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етуінде.
Барлық қатысушы жанұяларға алғыс білдіріп, отбасыларына амандық, береке және толағай табыстар тілейміз!
02 июня 2026
«GREEN TIME» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Бүгін облыстық экологиялық-биологиялық орталығында базасында оқушылардың экологиялық білімін арттыру, табиғатқа деген сүйіспеншілігін қалыптастыру және экологиялық мәселелерді шешуге шығармашылық көзқарасын дамыту мақсатында «Green time» облыстық байқауы өтті.
Байқаудың нәтижесінде:
«Табиғат сақшылары» экологиялық белгілер номинациясы
ІІІ орын – Қуағаш НОМ 3-сынып оқушысы Демисинов Нурасыл (жетекшісі Утебаева Д.Ю.)
«Эко-дефиле» номинациясы
Алғыс хат – Ақтау ауылының НББОМ 3-сынып оқушысы Алик Айназар (жетекшісі Бексейтова Д.К.)
«Эко-комикс» номинациясы
Алғыс хат – Шыңғырлау ЖОББМ 3-сынып оқушысы Тлеккабылов Ернар (жетекшісі Кулушева А.З.)
Барша байқау жеңімпаздары мен жетекшілерін құттықтаймыз.
02 июня 2026
«Мектебім, саған мың алғыс!»
А.Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінде 2025-2026 оқу жылының аяқталуына арналған «Соңғы қоңырау» салтанатты жиыны жоғары деңгейде өтті.
Мерекелік шараға арнайы қонақтар қатысып, мектеп бітіруші түлектерге жүрекжарды тілектерін арнады. Атап айтқанда:
🔹 Облыс әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі, полковник Мақсат Жақияұлы Мұқанов;
🔹 Батыс Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы, полковник Әсембек Уалиханұлы Ахметов;
🔹 Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы әдістемелік орталығының алғашқы әскери дайындық әдіскері Мейрлан Аманжолұлы Нурқанов;
🔹 Шыңғырлау аудандық мәслихат төрағасы Тұрғалиев Сағидолла Батырұлы;
🔹 Шыңғырлау ауданы білім беру бөлімінің басшысы Есенов Қуаныш Ығылманұлы;
🔹 Ақшат ауылдық округінің әкімі Айшуаков Ерлан Маликович;
🔹 Ақшат ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Ананьев Роман Владимирович қатысты.
Шара барысында мектеп директоры Китарова Лайла Толыбаевна құттықтау сөз сөйлеп, үздік ұстаздар мен озат оқушылар марапатталды. Түлектер ұстаздарына алғыс айтып, ән шырқап, әсем «Мектеп вальсін» биледі.
Құрметті жас түлектер!
Сіздерге жарқын болашақ, биік белестер мен толағай табыстар тілейміз! Ақ жол!
02 июня 2026
Шағын жинақты мектептің пән мұғалімдерінің олимпиадасының облыстық кезеңінің жеңімпаздары
Ағымдағы жылдың 22 мамыр күні шағын жинақты мектептің пән мұғалімдері арасынан шығармашылықпен жұмыстанатын, тұлғалық және кәсіби шеберлігін шыңдаумен айналысатын мұғалімдерді қолдау мақсатында Шағын жинақты мектептің пән мұғалімдерінің олимпиадасының облыстық кезеңіне өткізілді.
✨Байқау қорытындысына бойынша жеңімпаз әріптестеріміз:
Информатика пәні бойынша
ІІ орын – Қайыржанов Марат Асылбекұлы, Тасмола ЖОББМ
Орыс тілі мен әдебиет пәні бойынша
ІІІ орын – Гайнетдинова Альфия Шаяхметовна, Ардақ МББК
Химия пәні бойынша
«Зерделі педагог» номинациясын Акбалеева Динара Абаевна, Амангелді НОМ
Биология пәні бойынша
«Зерделі педагог» номинациясын Ажгалиева Жулдыз Сансызбаевна, Ақтау ауылының НББОМ
Тарих пәні бойынша
«Ұшқыр ойлы педагог» номинациясын Султанов Габдилкак Гайнуллиевич, Ащысай МББК
✨Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңізге табыс, шығармашылық жетістіктер және білім мен ғылымды игеруде ілгері ізденісте болуларыңызды тілейміз.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
02 июня 2026
А.Тихоненко атындағы ЖОББМ үшін тарихи әрі тағылымы мол күн болды. Мектептің 1993 жылғы түлегі, Шыңғырлау ауданының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы, генерал-майор Мереке Матимович Кучекбаев атындағы арнайы кабинет салтанатты түрде ашылды.
Жаңа кабинет заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етіліп, оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесіне, білім мен тәрбие алуына үлкен мүмкіндік сыйлайды. Бұл – жас ұрпаққа елге қызмет етудің, Отанды сүюдің жарқын үлгісі.
Салтанатты шараға арнайы қатысқан қонақтар:
🔹 Облыс әкімінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі көмекшісі, полковник Мақсат Жақияұлы Мұқанов;
🔹 БҚО қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы, полковник Әсембек Уалиханұлы Ахметов;
🔹 БҚО басқармасының әдіскері Мейрлан Аманжолұлы Нурканов;
🔹 Шыңғырлау ауданы білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Ығылманұлы Есенов.
Осындай игі бастаманың жүзеге асуына үлес қосқан барша азаматтарға алғыс білдіреміз!
Еліміздің қорғаны болатын жас ұрпақ тәрбиеленіп, осы ауылдан әлі талай қолбасшылар мен ел мақтаныштары шыға берсін! 🇰🇿
02 июня 2026
Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес «Оқуға құштар мектеп» және «Балалар кітапханасы» жобалары аясында білім беру ұйымдарының мектеп оқушылары арасында аудандық «Өлеңге іңкәр жас өрен» атты көркемсөз оқу байқауы өткізілді.
Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес «Оқуға құштар мектеп» және «Балалар кітапханасы» жобалары аясында білім беру ұйымдарының мектеп оқушылары арасында аудандық «Өлеңге іңкәр жас өрен» атты көркемсөз оқу байқауы өткізілді.
✨Байқаудың мақсаты – оқушыларды көркем сөзді мәнерлеп оқуға баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлттық әдебиет пен рухани құндылықтарға құрмет сезімін қалыптастыру және поэзияға деген қызығушылығын арттыру.
✨Байқауға аудан мектептерінен 10 оқушы қатысып, қазақ ақын-жазушыларының өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқып, өз өнерлерін көрсетті.
✨Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
🥇 І орын – Жаумбай Айзере, Шыңғырлау ЖОББМ оқушысы
🥈 ІІ орын – Бахытжанова Інжу, Амангелді НЖББМ оқушысы
🥉 ІІІ орын – Жакиева Дариға, Ащысай ЖОББМ оқушысы
✨Жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
✨Барлық қатысушыларға шығармашылық табыс пен биік белестер тілейміз! 📚✨
02 июня 2026
🎓🏆 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДАҒЫ ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІК
14 мамыр күні 5–6 сынып оқушылары арасында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадада Ақтау ауылының негізгі орта мектебінің 5-сынып оқушысы Тыныш Айсұлтан жаратылыстану пәнінен ІІ орын иеленді. 🥈
Олимпиаданың қорытынды кезеңіне еліміздің әр өңірінен үздік оқушылар қатысып, Айсұлтан өзінің терең білімі мен дайындығын жоғары деңгейде дәлелдей білді. Бұл – мектеп ұжымы мен ауданымыз үшін зор мақтаныш.
📚 Оқушының жетістікке жетуіне жетекшісі Арайлым Серікқалиевнаның қосқан үлесі ерекше. Ұстаздың білімі мен еңбегінің нәтижесінде шәкірті биік белесті бағындырды.
Бүгін ауданымыздың намысын абыроймен қорғаған оқушыны бөлім басшысы Қуаныш Есенов қабылдап, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар Айсұлтанға, жетекшісіне және қолдау көрсеткен ата-әжесіне Алғыс хаттар табысталды.
🎁 Сондай-ақ Арайлым Серікқалиевнаға аудандық кәсіподақ ұйымы атынан шипажайға тегін жолдама берілді.
👏 Айсұлтанды, жетекшісін және ата-анасын шын жүректен құттықтаймыз! Жеңістеріңіз көп болып, алар асуларыңыз биік болсын!
Социальные сети
Меню подвал
Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы