Меню

Страницы

Статья

Шыңғырлау ауданының ұстаздары, ата-аналары және оқушыларының назарына!

Шыңғырлау ауданының білім беру бөлімі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 29 сәуірдегі №106-НҚ бұйрығына сәйкес, аудандық білім беру бөлімінің 2026 жылғы 13 мамырдағы №229 бұйрығы негізінде мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда заңсыз ақша жинауға және бітіру іс-шараларын ұйымдастыруда қауіпсіздік пен тәртіп талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
📌 Бұйрыққа сәйкес:
✅ Бітіру кештерін мейрамханаларда, кафелерде, банкет залдарында, демалыс орындарында, табиғат аясында өткізуге;
✅ Автокортеждер ұйымдастыруға, таңды қарсы алу, алау жағу секілді іс-шараларды өткізуге;
✅ Ата-аналардан, оқушылардан немесе заңды өкілдерден ақша жинауға, сыйлықтар мен түрлі жарналар талап етуге;
✅ Мектеп әкімшілігі мен педагогтерге сыйлық алуға қаражат жинауға;
✅ Аниматорлар, мерекелік агенттіктер мен студияларды тартуға;
✅ Сән-салтанатқа негізделген артық шығындарға ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ. 📌 Аттестат табыстау рәсімдері тек білім беру ұйымдарының қабырғасында немесе мектеп аумағында өткізілуі тиіс.
📌 Бітіру іс-шараларын ұйымдастыру барысында ең басты назар білім алушылардың қауіпсіздігіне, құқықтарының қорғалуына және қоғамдық тәртіптің сақталуына аударылуы қажет.
📚 Оқу жылының аяқталуына орай барлық білім беру ұйымдарында «Білімім – Отаныма!» тақырыбында сынып сағаттары өткізіліп, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтары насихатталады.
Құрметті ата-аналар, ұстаздар және түлектер!
«Соңғы қоңырау» мен аттестат тапсыру рәсімі — әрбір түлек өміріндегі ерекше кезең. Сондықтан барлық мерекелік іс-шаралардың заң талаптарына, тәртіп пен қауіпсіздік қағидаларына сай ұйымдастырылуы — баршамызға ортақ жауапкершілік.
🤝 Бірлескен түсіністік пен жауапкершілік арқылы балаларымыздың жарқын әрі қауіпсіз болашағына бірге жағдай жасайық!
Дата публикации
02 июня 2026
Дата обновления
02 июня 2026
Тип

Сейчас читают

02 июня 2026
Шыңғырлау ауданының ұстаздары, ата-аналары және оқушыларының назарына!
11 января 2024
Краткая инструкция для заявителя по подаче обращения на «Прием граждан» (запись)
11 октября 2023
Инструкция по размещению детей в дошкольные организации

Социальные медиа

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы