«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы

Мемлекеттік орган

Бөрлі ауданының білім беру бөлімі

Аймақ

Батыс Қазақстан облысы

Санат

E-R-4 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

E-R-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту педагогикасы
  • Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
  • Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
  • Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
  • Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
  • Дефектология

Қосымша талаптар

-

Функционалды міндеттер

Қамқоршылық және қорғаншылық органы бойынша жұмысын жоспарлау, балалар құқығын қорғау, кәмелетке толмағандардың әлеуметтік, мүліктік, тұрғындық құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамалардың орындалуын қамтамасыз ету. Жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау, олардың есебін жүргізу, балалар құқығының қоғамдық инспекторларымен, құқық қорғау органдарымен, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясымен бірлесе отырып балалар құқықтарын қорғау мәселелері бойынша байланыс орнату. Бала асырап алу, әкелік, аналық құқығын бекіту, еңбекке жарамсыздығын анықтау шараларын бақылау. жетекшілігіндегі мәселелер бойынша сот отырыстарында заңды өкіл болу, кәмелетке толмаған балалар құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия жұмыстарына қатысу. Даулы пәтер мәселесі бойынша, кәмелетке толмаған балалардың тұрғылықты жерін анықтау бойынша, бөлек тұрып жатқан ата – аналарының кәмелетке толмағанның тәрбиесіне қатысу мәселесі жөніндегі сот отырыстарына қатысу. Жетім балалар мен ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылық пен қамқоршылық тағайындау шараларын жүзеге асыру; бекітілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес «Жетім балаға (жетім балаларға) және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршы немесе қорғаншыны белгілеу», «Жетім баланың (жетім балалардың) және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған баланың (балалардың) асырауына қамқоршыға немесе қорғаншыға жәрдемақы төлемін белгілеу», «Жетім баланы және (немесе) ата - анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау», "Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру", "Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу", "Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау", "Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау", "Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру", "Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою", «Зейнетақы қорларына, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің аумақтық бөлімшелеріне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресімдеу үшін анықтамалар беру», Тағайындау шараларын жүзеге асыру; бекітілген стандарт пен регламентке сәйкес "Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру", «Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру», «Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау», «Он жасқа толған баланың пiкiрi ескеру туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органының шешімін беру»,  мемлекеттік қызметтер көрсету.           Ата-аналардың баладан, оның ішінде перзентханада немесе басқа балалар мекемесінде, сондай – ақ баланы асырап алуға келісім беруден бас тарту профилактикасы жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі аудандық комиссиясының  шешімімен жетім балаларды балалар үйіне орналастыру.Жаз мезгілінде оқушылардың демалысын, сауықтыруын, жұмыспен қамтуын, мектеп жанындағы лагерьлерінің және аудандық сауықтыру лагерьлерінің жұмысын ұйымдастыру. Үйдің меншік иелері болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін қозғайтын мәмілелерді ресімдеу үшін қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының анықтамалар беру. Жергілікті атқарушы органдардың қаулысымен баланың тұрғын үйге құқығын бекітуді бақылау, арнаулы әлеуметтік қызметтер бойынша мониторинг, халықтың арнаулы әлеуметтік қызметте қажеттіліктеріне талдау жүргізу. Жеке және заңды тұлғалармен, халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыруды қамтамасыз ету. Бөлім жұмысының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, хаттарына, сұраныстарға заңнамамен белгіленген тәртіпте жауап дайындайды және қарайды. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген өзгеде міндеттерді жүзеге асыру. Бөлім басшысының тапсырмасын орындау.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 17.05.2024

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.05.2024 – 28.05.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 25 МБ

Сұхбаттасу күні

31.05.2024

Сұхбаттасу орны

БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласы Железнодорожная көшесі 80

Анықтама алу үшін байланыс

87113320490