Білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларына сәйкес ауа райының қолайсыз метеожағдайлары кезінде сабақтарды тоқтату

Білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларына сәйкес халыққа ауа райының қолайсыз метеожағдайлары кезінде сабақтарды тоқтату туралы хабарландыруды
‼️I ауысым үшін сағат 6.30-ден 7.00-ге дейін
‼️II ауысымдар үшін сағат 12:00-ден 12:30 ға дейін жолдайды. Алынған деректерге сәйкес сабақтарды тоқтату туралы жариялау немесе оқу процесін қашықтықтан үздіксіз ұйымдастыру туралы шешім қабылданады. Алгоритм бойынша метеостанция қызметкерлері білім беру бөліміне, білім беру бөлімі температуралық режимге жауапты оқу ісінің орынбасарларына жеткізеді, әрі қарай сынып жетекшілері ата-аналарға хабарлайды.
Білім беру ұйымдарында сабақтар төмендегідей температура мен желдің жылдамдығына қарай өткізілмейді:
🔆1-4 сыныптарда - 25*С және одан да төмен температурада, желдің жылдамдығы 2 м\сек және одан да жоғары болған жағдайда
🔆1-9 сыныптарда – 27*Сжәне одан да төмен температурада, желдің жылдамдығы 2 м\сек және одан да жоғары болған жағдайда
🔆1-11 сыныптарда – 30*Сжәне төмен одан да температурада, желдің жылдамдығы 2 м\сек және одан да жоғары болған жағдайда.