ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУДАН I ОРЫН

22 қараша күні білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен педагогтердің математикалық сауаттылығын арттыру, зияткерлік-шығармашылық әлеуетін ашу және цифрлық құзіреттіліктерін дамыту мақсатында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту саласының педагогтері арасында облыстық «Математикалық марафон» байқауы өтті. Оған ауданымыздың атынан Ақсай қаласының №1 бөбекжайының «Алтын пирамида» командасы қатысып, жеңімпаз атанды. Облыс бойынша қатысқан 13 команда арасынан жүлделі I орынға ие болды. Команда құрамында аталған бөбекжайдың тәрбиешілері – Жамаладин Фариза Ақылбекқызы, Бакеева Ладия Тулегеновна, Кудашкина Елизавета Александровна болды.
Құттықтаймыз! Жеңісті күндеріміз көп болсын!