ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ОҚУШЫНЫ ПЕДАГОГ-АССИСТЕНТТІҢ СҮЙЕМЕЛДЕУІ

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДЕ ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ОҚУШЫНЫ ПЕДАГОГ-АССИСТЕНТТІҢ СҮЙЕМЕЛДЕУІ

3 қараша күні Бөрлі ауданының білім беру ұйымдарындағы педагог-ассистент мамандарының өзара тәжірибе алмасуы мақсатында «Инклюзивті білім беруде ерекше білім беруді қажет ететін оқушыны педагог-ассистенттің сүйемелдеуі» тақырыбында аудандық семинар өтті. Инклюзивті білім беру әдіскері Б.Ғазиева семинар бағдарламасымен таныстырып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Шара барысында педагог-психолог А.Лепесова «Танысу тренингін» өткізіп, Б.Жуматова педагог-ассистенттің қызметі мен міндеттері, А.Жұмағали жалпы орта білім беретін мептептегі педагог-ассистенттің құжаттары, Г.Жумалиева педагог-ассистенттің ерекше оқытуды қажет ететін баламен жұмыс жоспарымен таныстырды. Сондай-ақ, Г.Кенжегалиева нейропсихологиялық жаттығулар немесе миға арналған қызықты гимнастика арқылы ЕББҚ бар балалардың танымдық қабілетін дамыту, А.Нурлыханова ойын арқылы баланың математикалық-функционалдық сауаттылығын дамыту туралы айтып берді. Өткізілген семинар-практикум жалпы білім беретін мектептерде ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасауда психологиялық-педагогикалық құзыреттілікті қалыптастыруға ықпал етті. Қорытынды бойынша аудан мектептеріндегі педагог-ассистенттердің жұмысын жандандыруға арналған ұсыныстар қабылданды.