БӨРЛІ АУДАНЫ МЕКТЕПТЕРІНДЕ «НАУРЫЗНАМА – 2026» АПТАЛЫҒЫ ӨТЕДІ

Жарияланған күні: 13 наурыз 2026

Көктемнің шуақты мерекесі – Наурыз мейрамы қарсаңында Бөрлі ауданының мектептерінде «Наурызнама – 2026» мерекелік іс-шаралар апталығы ұйымдастырылады. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, салт-дәстүрді жаңғыртуға және бірлік пен татулықты нығайтуға бағытталған бұл апталықта түрлі мәдени, танымдық және шығармашылық шаралар өтеді.

✨ 14 наурыз – Көрісу күні (Амал мерекесі)
🤝 «Көрісу – бабалар дәстүрі» тақырыбында онлайн челлендж
🎥 Нейроаватар форматында «Көрісу күні – Наурыздың басталуы» атты бейнероликтер

✨ 15 наурыз – Қайырымдылық күні
💝 «Мейірімділік мекені» қайырымдылық жәрмеңкесі
🤲 Жалғызбасты қарттар мен ардагерлерге көмек көрсету акциялары

✨ 16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
🎭 «Салт-дәстүр – асыл қазынам» қойылымдар байқауы
👶 Тұсаукесер, Бесікке салу, Бата беру дәстүрлерін көрсету
🎶 «Dombra Party» – «Күй керуені» мәдени акциясы
🕶 VR арқылы Қазақстан музейлеріне виртуалды саяхат

✨ 17 наурыз – Шаңырақ күні
👨‍👩‍👧 «Үлгілі отбасы» ата-аналармен кездесу
🏠 «Шаңырақ – отбасы құндылығы» онлайн шеруі
🎮 ЖИ көмегімен ұлттық ойындар, қазақша анимациялар көру
🎁 «Наурыз-базарлық» сый-кәделерін табыстау

✨ 18 наурыз – Ұлттық киім күні
👘 «UITTYQ SEZIM» этно-дефиле
🇰🇿 Оқушылар мен ұстаздардың ұлттық киіммен мектепке келуі
📱 Ұлттық нақыштағы фото, видео, рилстер жариялау
🎨 Интерактивті панельдер арқылы кейіпкерлерді ұлттық киіммен сәндеу

✨ 19 наурыз – Жаңару күні
🌱 «Жасыл мектеп» акциясы (бөлме гүлдерін отырғызу)
🖨 3D принтер арқылы жасалған ұлттық кәдесыйлар көрмесі

✨ 20 наурыз – Ұлттық спорт күні
🏹 Роботтар арқылы «Арқан тартыс», «Қыз қуу», «Ақсүйек» ойындары
♟ Интерактивті тақтада «Тоғызқұмалақ», «Асық ату» ойнау

✨ 21 наурыз – Ынтымақ күні
🎤 «Бірлігіміз жарасқан» мерекелік концерт
🌍 Әртүрлі ұлт өкілдерінің өнерін тамашалау
📹 «Бірлік – басты құндылық» челленджі

✨ 22 наурыз – Жыл басы – Наурыз
🎉 Мектептердегі басты мерекелік думан
🏕 Мектеп ауласында киіз үйлер тігу (мүмкіндігінше)
🥣 Наурыз көже тарату

✨ 23 наурыз – Тазалық күні
🌍 «Таза табиғат» экологиялық челленджі
🧹 Көктемгі тазалық жұмыстарын қорытындылау