«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі» әдіскердің бос лауазымына орналасуға ашық конкурс

«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі» әдіскердің бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды

 

«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бөрлі ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі  (мекенжайы: индекс 090303 БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласы Железнодорожная көшесі,№80 үй, эл.пошта schoolbu@mail.ru.. Телефон 8(71133) 22-0-75)  әдістемелік кабинетіне әдіскерінің бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды.

Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары педагогикалық білімі немесе орта кәсіптік білім мамандарының болуы  3 жылдан кем емес педагогикалық жұмыс өтілі, біліктілік санатының болуы және мемлекеттік тілді, орыс тілін, меңгерген болуы керек.

Лауазымдық міндеттері:

           Лауазымдық міндеттері:

1.1. Білім беру бөлімінің қызметін жоспарлайды (болжамдық жоспарлау);

1.2. Аудандағы мектептер, мектепке дейінгі мекемелер, қосымша білім беру ұйымдары желісінің жұмыс барысын саралайды;

1.3. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларының орындалуын, білім сапасының қамтамасыз етілуін, білім беру мекемелеріндегі инновациялық жұмыстардың ұйымдастырылуы мен сапасын қадағалайды;

1.4. Ауданның  мектептеріндегі оқушылардың білім сапасын және үлгерімін сараптайды;

 1.5. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша білім беру жағдайлары туралы талдау ақпараттарын, мемлекеттік емтихандар және оқушыларды  емтиханнан босату мәліметін облыстық білім басқармасына есеп  дайындайды;1.6. Бастауыш, негізгі, орта мектептердің оқу жылы ішіндегі есебін, жаңа оқу жылына оқушылардың және сынып саны бойынша, оқу тілі бойынша  мектептерді топтау туралы мәліметін дайындайды;

1.7.Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланады;

 1.8.Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту білім беру ұйымдарының, орта білім беру ұйымдарының білім алушыларына және тәрбиеленушілеріне медициналық көмек ұйымдастырады;

    Білуге міндетті:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының  Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 бұйрығын және білім беру ұйымдары қызметінің мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

 білім берудің мемлекеттік стандарттарын,

 педагогика және жас ерекшелік психологиясы негіздерін,

  дидактика принциптерін, жалпы және жеке оқыту әдістерін,

  әдістемелік және ақпараттық материалдарды жүйелеу принципін, еңбекті қорғау,

  қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары; санитарлық      

  ережелер мен нормалар.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күн ішінде қабылданады;

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

       1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);                                       

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

     6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

     9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;

       11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

      12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

      13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

Дата публикации
05 октября 2023