GOV.KZ – Единая платформа цифровых ресурсов государственных органов (ЕПЦР ГО)

Меню
Страницы
Об отделе
Документы
Контакты
Деятельность
Пресс-центр
Онлайн-приемная
Все материалы
15 октября 2026
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін, бөлім басшысы Нұргүл Жігерқызы білім беру ұйымдарының қызметін жетілдіру, білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және білім беру саласындағы жаңа бастамаларды жүзеге асыру мәселелеріне арналған кеңейтілген алқа отырысын өткізді.
Жиын барысында білім беру саласындағы өзекті мәселелер қарастырылып, алдағы міндеттер мен атқарылатын жұмыстар талқыланды.
🔹 Мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялауға дайындық мәселесі
А. Мусина мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялауға дайындық, біліктілік талаптары және қажетті құжаттарды әзірлеу мәселелері бойынша баяндама жасады. Лицензиялау талаптарын сақтау мен құжаттарды белгіленген тәртіпке сәйкес рәсімдеудің маңыздылығы атап өтілді.
🔹 Білім алушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету
А. Ергалиева білім беру ұйымдарында балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу және психоэмоционалдық жағдайы тұрақсыз немесе ерекше назар аударуды қажет ететін балаларды ерте анықтау бағытындағы жұмыстарға тоқталды. Сонымен қатар білім алушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, профилактикалық шараларды жүйелі ұйымдастыру және жауапты мамандардың өзара іс-қимылын күшейту мәселелері қарастырылды.
🔹 «БІЛІМ СЕРПІНІ» аудандық білім беру жобасы
А. Кадимова Бөкей ордасы ауданының білім беру ұйымдары арасында жүзеге асырылатын «БІЛІМ СЕРПІНІ» аудандық жобасын таныстырды. Жобаның негізгі бағыттары мен мақсаттары түсіндіріліп, білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту, озық тәжірибелермен алмасу және білім сапасын арттыруға бағытталған жұмыстардың маңыздылығы атап өтілді.
Жиынның қорытынды бөлімінде білім беру ұйымдарының қызметіне қатысты ағымдағы мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары мен алдағы міндеттер қарастырылды.
✨ Кездесу білім беру саласындағы өзекті мәселелерді ортақ талқылауға, тәжірибе алмасуға және білім беру ұйымдарының жұмысын одан әрі жетілдіруге бағытталды.
Социальные сети
Меню подвал
Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы