🔥 ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ — БАСТЫ НАЗАРДА
https://www.facebook.com/share/r/1HnFgNvQng/
Бөкей ордасы ауданының білім беру ұйымдарында алдағы 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары пысықталуда.
Осыған байланысты білім беру ұйымының басшысы және бір топ сала мамандары Хан Ордасы ауылында орналасқан «Ақбота» бөбекжайына, Жәңгір хан атындағы жалпы білім беретін мектебіне және мектеп жанындағы интернатқа арнайы барып, нысандардың жылыту маусымына дайындығын тексерді.
Жұмыс барысында ғимараттардың жылыту жүйелерінің жай-күйі, қазандықтардың дайындығы, жылу желілерінің техникалық жағдайы, электр жүйелері, қауіпсіздік талаптарының сақталуы және қысқы кезеңге қажетті құрал-жабдықтардың қамтамасыз етілуі назарға алынды.
Сонымен қатар, білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасау, жылыту маусымын үздіксіз және тұрақты өткізу мақсатында атқарылған жұмыстар сараланды.
Тексеру барысында анықталған мәселелер бойынша жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріліп, оларды белгіленген мерзімде орындау қажеттілігі айтылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар білім беру бөлімі тарапынан тұрақты бақылауда болад
Басталу уақыты
09 қыркүйек 2026
Соңғы күні
01 қаңтар 2034
Оқиға түрі
Жаңалықтар