GOV.KZ – Единая платформа цифровых ресурсов государственных органов (ЕПЦР ГО)

Меню
Страницы
Об управлении
Онлайн приемная
Деятельность
Документы
Пресс-центр
Контакты
Все материалы
08 апреля 2024
ТҮРКІСТАНДАҒЫ НАУРЫЗ ТҮРКІ ӘЛЕМІ ДЕҢГЕЙІНДЕ ТОЙЛАНДЫ


Биыл Түркістан – Түркі әлемінің туристік астанасы атанды. Бұл мәртебе тарихи шаһарды одан әрі әлемге танытуға сеп болмақ. Бүгін киелі шаһарда түркі елдерінің өнерпаздарының қатысуымен өткен «Армысың, әз Наурыз!» салтанатты іс-шарасы соның дәлеліндей.

Мерекелік жиынға Түркі елдерінен халықаралық «Voice of Turan-2023» қазақ әндері фестивалінің жеңімпазы Лаэлия Алиева (Әзербайжан), Татьяна Ефремова (Татарстан), Zainetdin (Башқұртстан) келді. Ардақ Балажанова, Махмуд Урумбаев, «Асыл әжелер» ансамблі, «Бисұлтан» би ансамблі, Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан сазды-драма театрының және Құрманбек Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының әртістері, «АКА» шығармашылық орталығының оқушылары және «Тұмар», «Жұлдыздар», «Балауса», «Еркетай», «Таңшолпан», «Керуен», «Сымбат» хореграфиялық ұжымдары, «Тuran» boys, «Яссы», «Фараб» би ансамбльдері Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармониясының және «Конгресс холл» көпсалалы кешенінің өнерпаздары, «Алқоңыр» фольклорлық ансамблі өнер көрсетті.

«Табиғаттың оянуы» мен «Армысың, әз Наурыз!» театрландырылған музыкалық хореографиялық қойылымы мен «Түркістан» композициясы, сахналық көріністер көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қазақ халқының тұрмыс-салт жыры саналатын «Жарапазан» айтылды. Түркі халқының достығы мен ұлттық салт-дәстүр дәріптелетін әндер шырқалды. Киіз үйлер тігіліп, қонақтарға есігін айқара ашты. Ұлттық спорттық ойындары, атап айтқанда қазақ күресі, қол күрес, арқан тарту, тоғызқұмалақ, қошқар көтеру сынды сайыстар өтіп жатыр. Сонымен қатар «Тұсаукесер» рәсімі, қолөнер шеберлері мен суретшілерінің, ұлттық тағамдардың көрмесі әзірленген. Думанды мереке кешкі концерттік бағдарламамен жалғасады.

Түркістандағы Наурыз тойына еліміздің өзге өңірлері мен Түркі елдерінен қонақтар келді. Сонымен бірге Еуропа мен Азия елдерінен келген 20-ға жуық БАҚ өкілі Ұлыстың ұлы күніне арнаған дүбірлі тойды тамашалады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

08 апреля 2024
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ЖҰМЫСҚА ҰЛТТЫҚ КИІММЕН КЕЛДІ

Елімізде Наурыз мейрамы 10 күн бойы атап өтіледі. Онкүндікте облыс аумағында ұлттық құндылықтарды дәріптейтін түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, әр күнге атау берілген.

18 наурыз күні – Ұлттық киім күні. Бұл күні қазақтың ұлттық киімдері ұлықталып, салт-дәстүрлері жаңғырады.

Бүгін Түркістан облысындағы барлық қызметкерлер ұлттық киім кию челленджін бастады. Оның ішінде, Түркістан облысының бақылау жөніндегі басқармасының қызметкерлері де аталған бастаманы қолдап, жұмыс орнына ұлттық киіммен келді.

Түркістан облысының бақылау жөніндегі басқармасы

08 апреля 2024
ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ТАЗА ҰСТАУ – ӘРБІР АДАМНЫҢ МІНДЕТІ

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ТАЗА ҰСТАУ – ӘРБІР АДАМНЫҢ МІНДЕТІ

🌳Сенбіліктің қоғамның назарын табиғаттың тазалығын сақтауға аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда, ұжымдық ауызбіршілікті нығайтуда маңызы зор. Осы ретте Түркістан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен 2 наурыз күні Түркістанда жалпықалалық сенбілік өтті. Көктемнің алғашқы күндері ұйымдастырылған сенбілікте қала көшелері, саябақтар мен гүлзарлар қоқыстардан тазартылды.

🍃Тазалық акциясына облыстық Бақылау жөніндегі басқармасының қызметкерлері де белсене атсалысты. Мемлекеттік қызметкерлер Түркістанның қарқынды дамып келе жатқан аумақтарының бірінде санитарлық жұмыстар жүргізді. Сонымен қатар жасыл аймақтарда арық-атыздарды, жаяу жүргінші жолдарын күл-қоқыстан тазартты. Олардың әрқайсысы тазалық пен тәртіптің орнауына өз үлесін қосты.

🌏 Сенбіліктің басты мақсаты – қаланың көркіне көрік қосу, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту.

✅ Басқарма ұжымы дәстүрге айналған қаланы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалауға бағытталған акцияны қолдайды.

🔗 Түркістан облысының Бақылау жөніндегі басқармасы

Социальные сети
Меню подвал
Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы