Балқаш ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Жастар-ел болашағы” атты ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Жарияланған күні: 15 тамыз 2023

Балқаш ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен “Жастар-ел болашағы” атты ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шара аудан орталығында орналасқан “Мұхтар” сауда үйінде өткізілді. Шара барысында жастар мен ауыл тұрғындарына мемлекеттік бағдарламалар жайында кеңінен ақпараттар беріліп, үлестірме парақшалары таратылды.