«КӨКТЕМ - 2023» РЕСПУБЛИКАЛЫК КОМАНДАЛЫК-ШТАБТЫК ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӘЗІРЛІГІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

Жарияланған күні: 02 наурыз 2023

«КӨКТЕМ - 2023» РЕСПУБЛИКАЛЫК
КОМАНДАЛЫК-ШТАБТЫК ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ӘЗІРЛІГІ ЗЕРДЕЛЕНДІ
Төтенше жадайлардын алдын алу және оларды жою
бойынша іс-кимылдарға азаматтық қорғаудың аудандық жуйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғаудын басқару органдарын, күштері мен кұралдарын 2023 жылы көктемгі кезеңдегі
төтенше жагдайларға ден коюға дайындау мақсатында,
2023 жылы 02 - 03 наурыз аралығында аудан
көлемінде «Көктем - 2023» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Темірғалиұлы Дарібаевтың басшылырымен еткізілді.
Аудандык шұғыл әрекет ету жасағының құрылымы 2021
жылдың 22 маусымында аудан әкімінің 118 қаулысымен бекітілген. «Көктем - 2023» Республикалық,
командалык-штабтық оқу-жаттығуға, шұғыл әрекет ету
жасағының құрамында 78 адам, 29 бірлік техникасы
жұмылдырылды.
Оқу жаттығу барысында, көктемгі су тасқынын алдын алу мақсатында, Іле озенінің жағалауларын, Бақанас ауылың тіршілік нәрімен қамтамасыз ететін арықтардын, көпір өткелдерінің құбырларын қоқыстан, өскен өсімдік тал ағаштарынан тазалау жумыстары жүргізілді. Осыған ұксас, басқа ауданның елді мекендерде де көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде.
Сонымен қатар басқару органдары мен штабтың жұмыстары ұйымдастырылып, авариялық, құтқару
және кезек күттірмейтін жұмыстар атқарылды.
2023 жылы көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларға,
аудандық шұғыл әрекет ету жасағының құрылымының
күштері мен құралдарының дайындығы пысықталды.