Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Балалардың құқығын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Педагогикалық ғылымдар (білім беру саласы)
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Құқық

Қосымша талаптар

 

Келесі құзыреттердің болуы: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

 

Функционалды міндеттер

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыздық пен панасыздықтың, ішкіліктің, кәмелетке толмағандар арасындағы жарақат алу мен өлімнің, алдын алу бойынша іс-шараларға бастамашылық етеді. Заңмен шиеленіске түскен балалардың құқықтарын қамтамасыз ету, девиантты мінез-құлықты және ерекше режимде ұстайтын балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарында, кәмелетке толмағандарға арналған түзеу мекемелерінде оқитын балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелеріне жетекшілік етеді. Заңмен шиеленіске түскен балалардың құқықтарын қорғау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, девиантты мінез-құлықты және ерекше күтімді балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарында оқитын балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша заңнаманың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Девиантты мінез-құлықты және ерекше режимде ұстайтын балаларға арналған арнайы ұйымдардың қызметіне мониторинг жүргізеді. Кәмелет жасқа толмағандарды тұрақты тұратын мемлекетке қайтару мәселелерінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының қатысушы-мемлекеттерінің ынтымақастығы туралы Келісімнен шығатын шараларды үйлестіреді. Кәмелет жасқа толмағандарды тұрақты тұратын мемлекетке қайтару сұрақтар жөніндегі халықаралық шарттарды іске асыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Кәмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусыздық пен панасыздықтың  себебі мен жағдайын анықтау, әлеуметтік қауіпті топтағы балаларды әлеуметтік-құқықтық қолдауға бағытталған шараларды іске асыруға қатысады. Халықаралық шарттарды іске асыру, балалар саудасының алдын алу, балалар еңбегінің ең нашар түрлері, оның ішінде балалар жезөкшелігі мен порнографиясы және балалар арасындағы басқа да теріс үдерістер мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша талдау және статистиканы жүргізеді. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен ынтымақтасады. Балалардың құқықтарының бұзылуына қатысты жағдайларды жақсарту, сондай-ақ қадағалаусыздық пен панасыздықтың, ішкіліктің, кәмелетке толмағандар арасындағы жарақат алу мен өлімнің, балалар саудасы, балалар еңбегін қанау, оның ішінде балалар жезөкшелігі мен порнографиясының алдын алу бойынша іс-шараларға бастамашылық етеді және ұсыныстар енгізеді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 16.04.2020

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

17.04.2020 – 21.04.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

24.04.2020

Сұхбаттасу орны

город Нур-Султан, пр. Мәңгілік Ел 8, подъезд 11

Анықтама алу үшін байланыс

+7 701 91 444 13