Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Балалардың құқығын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Қосымша талаптар
Келесі құзыреттердің болуы: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Функционалды міндеттер
Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың, қатыгездік пен кемсітушіліктің алдын алу мәселелеріне жетекшілік етеді. Балаларға арналған қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету бойынша сұрақтарды үйлестіреді. Балалардың қол сұғылмаушылыққа, физикалық және психикалық зорлық-зомбылықтан, қатыгездікпен қараудан және жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардан қорғауға құқықтарын іске асыру жөніндегі шараларды жүзеге асырады. Деструктивтік әсерден балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды үйлестіреді. Кәмелетке толмағандардың зорлық-зомбылық және қатыгездік қарым-қатынас мәселелері бойынша ҚР заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Жанжал аумағынан оралған балалардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша талдау және бақылауды іске асырады. Жанжал аумағынан оралған балалар бойынша ақпараттық-талдау материалдарын дайындауды және жинақтауды қамтамасыз етеді. Жанжал аумағынан оралған балаларды ұлттық білім беру базасы деректеріне автоматтандырылған есепке алуды ұйымдастырады. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша талдау және статистиканы жүргізеді. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен ынтымақтасады. Балалардың құқықтарының бұзылуын жақсарту, сондай-ақ зорлық, қатыгездік көрсету, кәмелетке толмағандарға қатысты дискриминция бойынша іс-шараларға бастамашылық етеді және ұсыныстар енгізеді. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша іс-шараларға қатысады және нәтижесі бойынша ұсыныстар енгізеді. Балалардың құқықтарын қорғау саласында тесерістерге қатысады. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық актілер жобасына ұсыныстар енгізеді. Мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттарды, балалар өмірінің нормативтік көрсеткіштері мен нормаларын белгілеу бойынша ұсыныстар әзірлейді және қатысады. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша мәселелердің жағдайына талдау және анализ жасауды іске асырады. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша жинақ, өңдеу, талдау, жинақ статистикалық есептерді іске асырады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 24.04.2020
- город Нур-Свултан, пр. Мәңгілік Ел 8, 11 подъезд
-
+7 701 91 444 13