Адамды адамгершілік-рухани дамыту және ақпараттық сүйемелдеу басқармасының бас сарапшысы

Мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті

Аймақ

Астана қаласы

Санат

C-4

Орташа лауазымдық айлықақы

138214 - 186526

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  5. жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  6. ғылыми дәрежесінің болуы;
  7. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Филология
  • Құқықтану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қоғамдық байланыс

Функционалды міндеттер

Функционалдық міндеттері: Баяндамаларға, анықтамаларды, министрге, вице-министрлерге, Комитет Төрағасына және оның орынбасарларына сөз сөйлеулерді, «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын ақпараттық сүйемелдеу мәселелері бойынша, балалардың, оның ішінде қыздардың гендерлік құқықтарын қамтамасыз ету, отбасы және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру және отбасы институтын нығайту жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мәселелері бойынша мақалаларды, ақпараттарды дайындайды. Жергілікті атқарушы органдардың отбасы институтын нығайту және "өзін-өзі тану" адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын ақпараттық сүйемелдеу мәселелерін іске асыруды үйлестіреді. Жеке тұлғаның адамгершілік-рухани дамуына, отбасы институтын нығайтуға, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған бағдарламалар мен жобалардың тұжырымдамаларын іске асыруды қамтамасыз етеді. Отбасылық құндылықтарды насихаттау мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені зерделейді. Отбасы мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. "Өзін-өзі тану"адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша республикалық кеңестің жұмысын қамтамасыз етеді. "Өзін-өзі тану"адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық Кеңес шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Адамның адамгершілік-рухани дамуы мәселелері бойынша әдістемелік құралдар мен жинақтарды әзірлеу және басып шығару бойынша ұсыныстар енгізеді. Ерте еріксіз некелердің, ерте жүктіліктің алдын алуға бағытталған бағдарламалар мен жобалар тұжырымдамаларының іске асырылуын қамтамасыз етеді. Балаларды адамгершілік-жыныстық тәрбиелеу, ерте мәжбүрлеп некелердің және ерте жүктіліктің алдын алу мәселелері бойынша халықаралық тәжірибені зерделейді, ерте жүктілік пен ерте мәжбүрлеп некелердің алдын алу мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді, статистикалық деректерді жинауды жүзеге асырады. Халықаралық балаларды қорғау күніне және Дүниежүзілік бала күніне арналған Отбасы институтын нығайтуға бағытталған іс-шараларды өткізуді қамтамасыз етеді. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды, аналитикалық материалдарды, мақалаларды, ақпаратты дайындайды. Комитет басшылығының, басқарма басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 27.02.2020

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.03.2020
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу орны

Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік Ел даңғылы, 8

Анықтама алу үшін байланыс

74-23-43