Жоспарлау, мониторингілеу және құжат айналымы басқармасының бас сарапшысы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Бала құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық шарттарды (Бала құқықтары туралы Конвенция, балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы Конвенция, күштеп жоқ қылып жіберуден барлық адамдарды қорғауға арналған халықаралық конвенция, балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы Конвенция, балалар саудасына, балалар жезөкшелігіне және балалар порнографиясына қатысты Бала құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттама және бала құқықтарын қорғау саласындағы басқа да халықаралық құжаттар)және балалар арасындағы басқа да Халықаралық шарттарды іске асыру, балалар саудасының алдын алу мәселелері бойынша ҚР заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар енгізеді. Мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттарды, балалар өмірі көрсеткіштерінің нормалары мен нормативтерін белгілеу бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады. Баяндамаларға, анықтамаларға, министрге, вице-министрлерге, Комитет Төрағасына және басқарма басшысына сөз сөйлеулерге, жетекшілік ететін мәселелер бойынша мақалаларға талдау материалдарын дайындайды. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша жиынтық статистикалық есептерді жинауды, өңдеуді, талдауды, құрастыруды жүзеге асырады. ҚР балалардың жағдайы туралы жыл сайынғы мемлекеттік баяндаманы дайындау үшін ақпарат жинауға қатысады. Мемлекет басшысының Жолдауларын, ЖҰЖ пункттерін, ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын орындау бойынша мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын үйлестіреді және бақылайды. Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша РАНТ мүшелері үшін ақпараттық – анықтамалық материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді. Білім, ғылым, жастар саясаты және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өңірлік ақпараттық топтардың қызметіне жетекшілік етеді және үйлестіреді. ПӘ, ПМК, министр, жауапты хатшы тапсырмаларының орындалуына мониторинг және бақылау жүргізеді. Комитет басшылығына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бақылау құжаттарымен, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының сауалдарымен жұмыс жөніндегі талдамалық ақпаратты ұсынады. Министрліктің ақпараттарында, анықтамаларында, есептерінде Комитеттің қызметі туралы материалдарды дайындауға жауапты. Министрде, жауапты хатшыда, Комитет төрағасында апта сайынғы аппараттық кеңестерге материалдар дайындайды. Өз құзыреті шегінде балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша әлеуметтік маңызды бастамалар мен жобаларды іске асыруға қолдау көрсету және көмек көрсету бойынша жұмыстарды жүргізеді. Комитеттің жетекшілік ететін мәселелері бойынша нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды әзірлеуге қатысады. Министрліктің баспасөз қызметімен бірлесіп жетекшілік ететін мәселелер бойынша баспасөз конференцияларын, брифингтерді ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізеді. Комитет басшылығының, басқарма басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік Ел даңғылы, 8
-
74-23-43