Жекелеген санаттағы балалардың өмір сүру сапасын бақылау және қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы 2-бірлік
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті
Астана қаласы
138214 - 186526
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
- мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
- осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
- өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
- жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
- ғылыми дәрежесінің болуы;
- Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
Функционалды міндеттер
Жоспардан тыс тексерулер, бала құқықтарын қорғау саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) барумен және бармай профилактикалық бақылау жүргізу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптарды анықтау бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысады, оларды сақтамау баланың құқықтарын қорғау саласында тексеру парақтарын жасау үшін балалардың өмірі мен денсаулығына, заңды мүдделеріне қауіп төндіреді. Бақылау және қадағалау субъектілерін (объектілерін) іріктеу үшін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне қатысты актілерді, бала құқықтарын қорғау саласындағы тексеру парақтарын әзірлейді және бекітеді. Бала құқықтарын қорғау саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) барумен және бармай жоспардан тыс тексерулер, профилактикалық бақылау жүргізу мәселелері бойынша мүдделі министрліктермен, ведомстволармен және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Бала құқықтарын қорғау саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) барумен және бармай, жоспардан тыс тексерулер, профилактикалық бақылау жүргізу ҚР заңнамасының дұрыс қолданылуын қамтамасыз етеді. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдерін жасайды және бекітеді. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізудің бекітілген жартыжылдық тізімдерін құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға жібереді. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізудің жылдық тізімін жасайды және бекітеді. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді және профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт жасайды. Тағайындау туралы актіні құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркейді. Тексеру нәтижелері туралы актіні тексеру нәтижелері бойынша жасайды. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жүргізу туралы хабарламаны жібереді. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың және отбасына қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкіндегі, бірыңғай ақпараттық білім беру жүйесіндегі деректерді, уәкілетті ұйымдар мен мемлекеттік органдардан алынған мәліметтерді сұрау салу және әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтер арқылы балалардың білім алуға, тамақтануды, тасымалдауды, демалысты, сауықтыруды және бос уақытын ұйымдастыруға бақылау субъектісіне (объектісіне) бармастан профилактикалық бақылау жүргізеді. Уәкілетті орган бақылау субъектісінің іс-әрекеттерінде (әрекетсіздіктерінде) бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, балалардың білім алуға, тамақтануды, тасымалдауды, демалысты, сауықтыруды және бос уақытын ұйымдастыруға бақылау субъектісіне ұсынымдар жасайды және жібереді. Бақылау субъектісінің бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдарды орындауын тексеру. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ Даму мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша республикалық, аймақтық, халықаралық іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысады.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік Ел даңғылы, 8
-
74-23-43