ҚАРАҒАНДЫДА БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

ҚАРАҒАНДЫДА БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі еліміздің 20 өңірінде алғаш рет жаңа форматта «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» деген атпен өтті.

Қарағанды облысында өткен кездесу «Балаларды қолдаудың тең мүмкіндіктерін қалыптастыру» деген атауға ие болды. Білім беру қызметкерлерінің жыл сайынғы кеңесі Қазақстандағы бала құқықтарын қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру үшін білім мен тәжірибені біріктіруге бірегей мүмкіндік береді. Ағымдағы жылы кеңесте Балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған негізгі мәселелер мен бастамалар талқыланды.

Бүгінде республика бойынша 22 мың жетім бала бар болса, оның 18 мыңы қазақстандық азаматтардың отбасыларында тәрбиеленуде. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, соңғы 5 жылда қабылданған шаралар нәтижесінде жетім балалардың жалпы санын 32%-ға, ал ұйымдардың өзі 36%-ға пайызға қысқарған.

Кеңес барысында Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері Қазақстанда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдауға, сондай-ақ отбасылық құндылықтарды нығайтуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.

«Қазақстан халықаралық бастамалар мен тәжірибе алмасуға белсене қатысуда. Мәселен, мемлекет тарапынан ерекше көмек пен қамқорлыққа мұқтаж балалармен жұмыс істеудің озық әдістерін енгізуде. 2022 жылы қамқоршылық органдары отбасыларға 3 мыңнан астам баланы тапсырып, Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі 14 мың сот ісіне қатысты. Сонымен қатар, 3 мыңнан астам қорғаншылық және қамқоршылық дауларын шешіп, 30 мыңнан астам тұрғын үй жағдайларын тексерді. Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының жұмысының нәтижесінде 450 мыңнан астам баланың құқығы қалпына келтірілді», -  деп атап өтті Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина.

Сондай-ақ, пленарлық отырыс барысында Оқу-ағарту министрлігі қолдау орталықтарында тұратын балалардың санын азайтуға, олардың өмір сүру сапасын жақсартуға және олардың әлеуметтенуіне ықпал ететін кәсіби патронаттық отбасылар институтын енгізу бастамасы туралы айтты.

Комитет төрағасы орынбасарының айтуынша, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметін трансформациялау бойынша жұмыс жүргізілуде. Ол «әлеуметтік жетімдіктің» алдын алу, патронаттық тәрбиедегі балаларды қайтару, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау және сүйемелдеу, сондай-ақ оларға психологиялық көмек көрсету мақсатында жүзеге асырылмақ.

«Ұйымның трансформациясы дегеніміз, бұл арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының атауын өзгерту ғана емес, сонымен қатар барлық жұмысты толығымен қайта форматтау. Балаларды қолдау және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары қызметінің жаңа моделі әлеуметтік жетімдіктің алдын алуға бағытталған қызметтердің жұмыс істеуін қамтиды. Трансформацияның негізгі қағидасы - балаларды мекемеде ұстаудан қандас немесе асырап алушы отбасыларға сүйемелдеу және кешенді көмек көрсету болып табылады», - деп жеткізді Юлия Овечкина.

Конференция соңында Юлия Овечкина балалардың өмірін жақсартуға бағытталған кез келген өзгерістер еліміз үшін маңызды басымдық болып табылатынын атап өтті. Аталған бағыттағы жұмыс мемлекеттің, қоғамдық ұйымдардың, бизнестің және әрбір азаматтың бірлескен күш-жігерін талап етеді деді.