«Балалардың қауіпсіз ортасын қамтамасыз етудің тиімді әдістері және олардың құқықтарын қорғау».


2021 жылғы 12 тамызда сағ. 10.00.-де Балалардың құқықтарын қорғау комитеті білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі шеңберінде «Балалардың қауіпсіз ортасын қамтамасыз етудің тиімді әдістері және олардың құқықтарын қорғау» республикалық семинар кеңес өткізеді.
Семинар жұмысына:
Бас прокуратура мен орталық мемлекеттік органдардың (Білім және ғылым, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Ақпарат және қоғамдық даму министрліктері), ҚР БП жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының, БҰҰ Балалар қоры ЮНИСЕФ және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері,
кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық комиссиялардың төрағалары қатысты – облыс, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары,
балалардың құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысатын мамандар және еліміздің бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын білім беру органдары мен органдарының, ішкі істер департаменттерінің өкілдері, оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері, профилактика кеңесінің, ата-аналар комитетінің мүшелері және кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар қатысады.
Семинарда балалар үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі өзекті мәселелер, сондай-ақ мектептегі құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары талқыланады.
12 тамыз 2021
Конференция