«Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды анықтау және алып жүру кезінде психологиялық қызметтердің жұмысын ұйымдастырудағы проблемалық мәселелер мен шешу жолдары»

«Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды анықтау және алып жүру кезінде психологиялық қызметтердің жұмысын ұйымдастырудағы проблемалық мәселелер мен шешу жолдары»

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2021 жылғы 11 тамызда сағат 10:00-де білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі шеңберінде білім беру ұйымдарының педагог-психологтеріне арналған «Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды анықтау және алып жүру кезінде психологиялық қызметтердің жұмысын ұйымдастырудағы проблемалық мәселелер мен шешу жолдары» республикалық семинар-тренингін өткізеді.

Семинар жұмысына білім басқармалары мен бөлімдері басшыларының орынбасарлары, кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның хатшылары, білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменттері директорларының орынбасарлары, білім басқармалары мен бөлімдерінің мамандары (әдіскерлері), білім беру ұйымдарының педагог-психологтері, әлеуметтік педагогтері қатысады.

Сондай-ақ YouTube және Facebook арналары арқылы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық, қалалық комиссиялардың хатшылары, білім бөлімдерінің мамандары (әдіскерлері), 7 652 педагог-психолог, 4159 әлеуметтік педагог секция жұмысына қосылатын болады,

Іс-шараға БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қорының, ҚР ДСМ Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының, «Қазақ психологиялық қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің, ​Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының өкілдері,​ ​ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті, ҮЕҰ шақырылды.

Оқиға күні

11 тамыз 2021

Оқиға түрі

Семинар