Меню

Страницы

Статья

ПРЕСС-РЕЛИЗ арнайы білім беру ұйымдарымен онлайн семинар өткізу туралы

ПРЕСС-РЕЛИЗ

арнайы білім беру ұйымдарымен

онлайн семинар өткізу туралы

 

2020 жылдың 2 шілдеде «Баланың  жеке қауіпсіздігі онлайн семинары  өткізілді.

Онлайн-семинар жұмысына ҚР Білім және ғылым вице-министрі              Б.А. Асылова, ҚР БҒМ Министрінің кеңесшісі Р. П. Шер, ҚР БҰҰ БҚ (ЮНИСЕФ) жобаларының сарапшы-консультанты И. Мацкевич, «Құқық» ҚҚ директоры О. Рыль, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері, «KAZBRANDS» ҚҚ президенті Ж. К. Қайкенова, Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюро директорының орынбасары Р. Ақылбекова, «Қазақстанның Балалар Қоры» ҚҚ директоры Э. С. Ватлина, білім басқармалары басшыларының орынбасарлары, мамандары, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиялардың хатшылары, арнайы білім беру ұйымдарының басшылары мен мамандары қатысты.

Онлайн-семинар барысында «Балаларды қалай алып шығарады?» бейнежазба көрсетілді, АНГЕЛ балалар қауіпсіздігі орталығының жетекшісі З.Джумагулова семинар қатысушыларын жобаның қыр-сырымен таныстырып, балалар қауіпсіздігі тренингтері жөнінде әңгімеледі. Бағдарлама ата-аналарға және балаларға арналған. Бағдарламада «Қауіп - қатерді уақытында көріп, өте маңызды болған кезде дұрыс шешім қабылдау», «Балаларды қалай қорғауға болады?», сондай-ақ басқа да өзекті мәселелерге  жауап табуға болады.

Сондай-ақ, ерекше қажеттіліктері бар балаларға, ересектер тарапынан ерекше назар аударуды қажет ететін балаларға көмек көрсету жолдары туралы Әлеуметтік инклюзивті бағдарламалар орталығының басшысы С.Мурзалинова-Яковлева айтып берді. «Жеке қауіпсіздік» бағдарламасын табысты жүзеге асыру және тығыз ынтымақтастықта жұмыс жүргізу туралы  ойымен Алматы қаласының прокуроры Г.Х. Джанбекова да бөлісті.

Онлайн-семинар қорытындысы бойынша вице-министр Б. Асылова балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша қоғамдық ұйымдардың озық тәжірибесін тарату бойынша ұсынымдар берді.

Дата публикации
02 июля 2020
Дата обновления
02 июля 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
07 августа 2022
Құрметті ата-аналар! Балалардың заңды өкілдері
Ақпарат
16 февраля 2022
Республикада Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы жыл сайын өткізілуде.

Социальные медиа

Комитет по охране прав детей Министерства образования и науки Республики Казахстан
Комитет по охране прав детей Министерства образования и науки Республики Казахстан
Телеграмм-чат "BALA QORGAU"

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы