2020 жылғы 2 маусымдағы №15-5/331
Қазақстан Республикасының аумағында балаларды асырап алу жөніндегі агенттіктің қызметін тоқтату туралы
ДӘЛЕЛДІ ШЕШІМ
«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 113-бабы 5-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 513 бұйрығымен бекітілген Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларының 32-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Агенттіктің өкілдігі қызметін тоқтату туралы өтініш берілген жағдайда өз қызметін тоқтатады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің атына 2020 жылғы 18 мамырдағы «Familia Universal» (Фамилия Универсаль) (Испания) қауымдастығы өкілдігінің байланысты Испаниядағы «COVID-19» короновирустық инфекциясына қытасты Төтенше жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының аумағында балаларды асырап алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсатты кері қайтарып алу туралы өтініш келіп түсті.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, «Familia Universal» (Фамилия Универсаль) (Испания) бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеуге рұқсат беру туралы іс-әрекет және оның өкілдігінің қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тоқтатылады.
Шешім «Familia Universal» (Фамилия Универсаль)» бала асырап алу жөніндегі агенттіктің аккредиттеу мерзімін ұзартудан бас тарту және оның Қазақстан Республикасының аумағында қызметін тоқтату туралы» 2020 жылғы 2 маусымдағы № 42-н бұйрықтың негізінде берілді.
Төрағаның м.а. Ю. Овечкина