«Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 қаулысына өзгерістер енгізу туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
5-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) білім беру ұйымдарының объектілері (мектепке дейінгі ұйымдардың ғимараттары; жалпы білім беретін мектептер (гимназиялар, лицейлер); орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары; жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары; мамандандырылған білім беру ұйымдары; арнаулы білім беру ұйымдары; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары; қосымша білім беру ұйымдары;».
Премьер-Министр А. Смайылов