Балаларға арналған 50 сауықтыру лагерін ашу, балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін кемінде 100 жаңа ірі объектілер салу жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған жол картасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым»бағдарламасын іске асыру мақсатында:

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс – қимыл жоспарының 85-тармағын орындау бойынша қоса беріліп отырған «Балаларға арналған 50 сауықтыру лагерін ашу, балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін кемінде 100 жаңа ірі объектілер салу жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған жол картасы» (бұдан әрі – Жол картасы) бекітілсін.
  2. Жол картасын орындауға жауапты орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдіктері және өзге де ұйымдар (келісу бойынша):

1) Жол картасын іске асыру жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын;

2) жыл сайын, жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 5 қаңтарға және 5 шілдеге қарай Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынылсын.

  1. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі жыл сайын,
    20 қаңтарға және 20 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Үкіметіне Жол картасының іске асырылуы жөнінде жиынтық ақпарат ұсынуды қамтамасыз етсін.
  2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының
    Оқу-ағарту министрлігіне жүктелсін.

 

 

Премьер-Министр                                                                  Ә. Смайылов

 

                                                               

Дата публикации
26 октября 2023