Қазақстан Республикасының аумағында бала асырап алу жөніндегі агенттіктің қызметін тоқтату туралы ДӘЛЕЛДІ ШЕШІМ

«Үміт Бесігі» Корпорациясы (АҚШ) агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) өкілдігі «Неке (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 113-бабының 1-тармағына сәйкес аккредиттеу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей мерзімді ұзарту туралы өтініш берген жоқ.

Агенттікті аккредиттеу туралы шешімнің қолданылу мерзімі ағымдағы жылдың 28 сәуірінде аяқталды.

Осыған байланысты Кодекстің 113-бабы 5-тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 513 бұйрығымен бекітілген Бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларының 32-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Агенттіктің өкілдігі агенттікті аккредиттеу туралы шешімнің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін өз қызметін тоқтатады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде «Үміт Бесігі» Корпорациясы (АҚШ)   бала асырап алу жөніндегі агенттікті аккредиттеуге рұқсат беру туралы іс-әрекеттің мерзімі аяқталды және оның Қазақстан Республикасының аумағындағы өкілдігінің қызметі тоқтатылады.

Шешім «Қазақстан Республикасы аумағында бала асырап алу жөніндегі агенттіктің қызметін тоқтату туралы» 2023 жылғы 22 мамырдағы № 32-н бұйрықтың негізінде берілді.

 

Қазақстан Республикасының аумағында бала асырап алу жөніндегі агенттіктің қызметін тоқтату туралы ДӘЛЕЛДІ ШЕШІМ
Дата публикации
17 июля 2023