«БАҚЫТ ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ» БАЙҚАУЫ

 Аталмыш байқау YouTube арнасында «Бақыт отбасынан басталады - «Счастье рождается в семье» атауымен жүргізілуде.

 Байқау аталымдары: «Менің отбасым – еріктілердің тату отбасы», «Менің отбасым – шығармашылық және өнер әлемінде», «Менің отбасым – көптілді отбасы», «Менің отбасымдағы спорт пен ұлттық ойындардың мәдениеті», «Біздің отбасымызда барлығы шебер», «Менің отбасым – кітап әлемінде», «Менің отбасымның әнұраны мен елтаңбасы, салт-дәстүрлері және жәдігерлері».

 2020 жылдың 31 шілдесіне дейін ютуб арнасына конкурстың екінші кезеңінің бейнежазбалары орналастырылады. Қатысушы әр отбасы «Болашақ Қазақстан» тақырыбында елді дамытуға арналған тың идеялы (3 минут көлеміндегі) бейнеролик ұсынуы тиіс.

 Ресми дауыс беру 2020 жылдың 01 тамызынан бастап 15 тамызға дейін, ал дауыс беруді талдау - 2020 жылдың 15 тамызынан бастап 10 қыркүйекке дейін жүргізіледі.

 Байқаудың ақтық мәресі 2020 жылдың 13 қыркүйегінде - Отбасы күнінде ұйымдастырылады.

 Байқауға қатысушы отбасылардың екі кезеңдегі бейнежазбаларының қаралымы мен репост арқылы бөлісу саны бойынша ҚОРЫТЫНДЫ шығарылады.

Сілтеме:
https://www.youtube.com/…/UCDkA8VTYbfi0lUgdXNR6Luw/featured…

 Сонымен қатар, Балалар құқықтарын қорғау комитеті 2020 жылғы 19 тамызда білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі шеңберінде «Бақыт отбасынан басталады» конкурстық бейне интернет-жобасына қатысушы отбасылар үшін республикалық ата-аналармен ашық диалог алаңын өткізу жоспарланғанын хабарлайды.

 Ашық диалог алаңының жұмысына ата-аналар, сынып жетекшілер, психологтар мен әлеуметтік педагогтар, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдері қатысады деп жоспарлануда. Онда ата - аналар мен педагогтардың балаларды тәрбиелеу және дағдарыс жағдайларынан шығу жөніндегі тәжірибесімен алмасу, отбасының рөлі мен маңыздылығын арттыру, алдағы оқу жылына дайындық, мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды әлеуметтік қолдау, облыстық (қалалық) әкелер кеңестерінің және мектептердің қамқоршылық кеңестерінің қызметі және т.б. мәселелерді талқылау көзделуде.

КОНКУРС «СЧАСТЬЕ РОЖДАЕТСЯ В СЕМЬЕ»
Дата публикации
09 июля 2020